Тіл тірегі Бауыржан Момышұлы
Предмет:
|
Русский язык и литература
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Тұрмаханова Гүлсім Оспанқызы
|
Здесь была ссылка на работу Тіл тірегі Бауыржан Момышұлы автора Тұрмаханова Гүлсім Оспанқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
ӘОЖ 82-051(574) И 38 ТІЛ ТІРЕГІ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ Тұрмаханова Гүлсім Оспанқызы №34 орта мектебі, Тараз қаласы Бауыржан Момышұлының ана тілін ардақтап, қазақ тілін құрметтегенін, оны дамыту мен өркендету, қолдану аясын кеңейту мақсатын көздегені қан майдан ортасында жүріп Мұқамеджан Әбдіқалықовқа «Қазақ тілі туралы пікір» атты жазған хатынан (1944) айқын көрінеді. Хат авторы қазақ халқы, оның тарихы мен тағдыры, келелі келешегі турасындағы көзқарас эволюциясын ұлттың ұлы байлығы – тіл арқылы көрсетеді: «... айтпай кетсем, өмір бойы көңілім тынар емес»,- деп ар алдында ант бергенін жасырмай жазады. Хаттың алғашқы тұстарынан – ақ автордың ана тілі туралы таным-біліктері айқын көрінеді:» ... ежелден, атам заманнан тіл-елдің мәдениеті, әдебиеті өсіп-өніп, от басындағы үй тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел құралы – ғылымның атаулы саласы екендігі даусыз..». Сол хаттан үзінді келтірейік. «Тілсізді айуан дейді. Тілі кедей елді – мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды. Тіл – адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы, елдің елдігін, жұртшылығын, ғылым әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасын, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екендігін көрсететін сөзсіз дәлелді мол жері» (Мерило). - «Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениет-ғылымға жетіп, өткен кеткенмен әлемді танып, өзімізді жұртқа-әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй-ішімізді, қоғам-халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгеруіміз, сондықтан «Өнер алды қызыл тіл» дегендей адам баласының байлығы тілден артық не бар ?» Бұл – Бауыржан Момышұлының Кеңес үкіметі дәуірлеп, Сталиннің қылышынан қан тамып тұрған кезде, жасқанбай айтып, жазып кеткен жанайқайы. Автор халықтың басты байлығы – тіл екендігіне көз жеткізеді. Тілсізді айуанға, тілі кедейді-наданға теңеу арқылы да ұлт рухын көтереді, үлкен-кішінің халық алдындағы қарызы мен парызын еске түсіреді. Ар алдындағы адалдықты асқақтатып, дәстүр-салтты өнеге етеді. - «Қазақ тілі еш уақытта, өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді?» - «Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел – «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихтан дәлелдер көп»; -«Осы таңда қазақ тілі «дөрекі, икемсіз, топас, кедей тіл. Онымен айтайын деген ойыңды, пікіріңді еркін айта алмайсың ...» - деп дұрыс бағаламай, жала жауып, теріс, зиянды жағдайлардың құлдығында жүрген, ұғымсыз жалқау «дүмше молда дін бұзардың» кебін киіп, сәлдесін орап, тіл бұзушы азамат, азаматшалар да, жүгенсіз, арсыз топтар да қазақ арасында молайып келе жатқанға ұқсайды (дәлелді Алматының әр көшесінен табуға болады);» Тіл байлығы, тіл тазалығы-ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз белгісі емес пе? Хатта ана тілінің қадірін түсінбейтіндерге тіл мәселесіне немқұрайлы қарамау керектігін ескертеді. - «Осы кезде аздап орысша білгеніне мәз болып, төбесі көкке жеткен, ана тіліне көңіл бөлмей, оны әліне қарамай менсінбей, не орысшаны, не қазақшаны дұрыс сөйлей алмай шалдыр-шатпаққа бөленіп жүрген, келбетсіз тіл азғыны масқараларды Алматының жауапты деген қазақ қызметкерлерінің арасынан да кездестіруге болады ...» - деп жазғаны ана тілінің ардақтай алмайтын өркөкіректерге (Ш.Айтматовша айтқанда «мәңгүрттерге») бүгінгі тіршілігімізде де халқымыз бен тілімізді қорғап жүргендерге де ой салар деп ойлаймыз. Бауыржан Момышұлының хатын қорытындылай отырып, тоғыз түрлі ұсынысына қысқаша тоқталсақ: «Қазақстанда қазақ тілі заңының әділдігі бойынша мемлекет тілі болып саналып, өз орнына, төрге шығарып отырғызылып ,бұрынғы қалпына кешікпей келтіру шаралары тездеп қолға алынып,тіл бұрмалау ежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын ескере отырып, іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде арылуы жөн»,-деп, ата-баба зердесін келешек ұрпаққа жалғастыратын жалғыз ғана кілт -әр халықтың ана тілі екеніне қарапайым жұрттың біле бермейтініне, Коммунистік идеологифның бет қаратпай тұрған кезінде халықтың арман-мүддесін, қазақ тілінің тағдыры мен әдебиеті жөніндегі олқылықтар мен кемшіліктерге қатты сын, батыл да тура баға берді.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
49.5 Kb
|
Количество скачиваний:
|
21
|
Просмотров: 288
Похожие материалы