Тұманбай Молдағалиев "Бауырлар" өлеңі

Предмет: Химия
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақты  «Балық  аулау»  ойынымен  қорыту. 

«Балық  аулау»  ойынында  берілетін  сұрақтар:

1.     Жазушы  Сәкен  Жүнісовтың  «Ақан  сері»  романынан  алынып  отырған  бұл  үзіндіде  Ақан  серінің  өмірі  баяндалған.  Осы  шығармадағы  Ақан  серінің  өмірі  сендерге  қалай  әсер  етті? 

Жауап:  Ақан  серінің  өмірі  өте  қиын  болғандықтан  менде аяныш  сезімі пайда  болды.

2.     Күреңбай  сыншы  «Мынау  бір  пырақ  екен»  дегенде,  ол  Құлагердің  қандай  сипаттарына  сүйеніп  айтты?

Жауап:  Кез  келген  жылқыда  он  екі  қабырға  болады,  ал  мынада  он  үш  қабырға  бар  екен  дейді.

3.     Ат  үстінде  неше  түрлі  ойын  көрсетіп,  сырнай  тартып,  ән  айтып  жүрген  өнерлі  бала  кім?  Ол  асқа  жиналғандарға  не  деп  жар  салды?

Жауап:  Баланың  аты – Қошқарбайдың  Шашубайы.  Ат  бәйгесінің  болатындығын  айтып  жар  салды.

4.     Шығарма  соңында  Құлагердің  тағдыры  не  болды?

Жауап:  Шығарма  соңында  Құлагер  өледі?

5.     Құлагерге  жауыздық  жасаған  кім?

Құлагерге  жауыздық  жасаған – Батыраш.

6.     Құлагерді  сипаттап  бер.

Жауап:  Терісі – жұқа  көзіл  етіктің  былғарысындай  мап-майда,  ет  пен  терінің  арасында  жылтыраған  бір  май  жоқ,  денесінде  бір  жапырақ  арам  ет  жоқ,  қанша  шапса  да  басы  айналмайтыны  қаны  мол,  тынысы  тарылмайтын  құлаш  кеңірдек,  талыс  танау.

 

 Тұманбай  поэзиясының   көп  бөлігі  туған  жерге,  туған  елге,  Отанға,  ата-анаға,  дос – құрбыға  деген  махаббатпен астасып жатыр.  Бүгінгі  өтетініміз  де  осы  шет  жерде  жүрген  бауырларымызға  деген  сағынышынан  туған  өлең  болса  керек.  Ендеше  мұқият  ден  салып  тыңдаңыздар.  Өлеңді  оқымас  бұрын  барлығымыз  тақтаға  назар  аударайық.  Электрондық  оқулықтан  тәуелсіз  Қазақстан елі  туралы  бейнеүзік  көрсетіледі.  Осы  бейнеүзік  пен  бүгінгі  өткелі  отырған  өлеңіміздің  тікелей  қатысы  бар.  Оны  өлеңді  оқу  барысында  аңғаратын  боласыңдар.

 

«Бауырлар»  өлеңін  мәнерлеп  оқу.

Бұл  өлең  Қазақстан  егемендігін  алғаннан  кейін  1992  жылы  Алматы  қаласында бүкіл  шет  елде  тұратын  қазақтардың  атынан  келген  елшілермен  бірлесе  өткізілген  үлкен  Құрылтай  өткізілген.  Міне,  осы  уақиға  байланысты  туған  өлең.

Өлеңнің  әр  шумағына  мән  берер  болсақ,  әр  бөлімде  сол  өз  елінен  шалғайда  жүрген  бауырларға  деген  сағынышын,  ел  оралыңдар  деген  үндеу  бар екендігін  аңғарған  боларсыңдар.

Ал,  осы  қазақ  халқы  әр  елге  қалайша  тарыдай  шашырап  кетті?  Осы  сұрақ  төңірегінде  ой  толғап  көрейікші.

Қазақ  халқының  ежелден-ақ  тағдыры  оңай  болмаған.  Осынай  иен  даланың  төсін  жайлаған  қазақтардың  жеріне  көз алатушылық  та  көп  болған.  Ол  сендерге  тарих  пәнінен белгілі.  І  дүниежүзілік  соғыс,  яғни 1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісі,  одан  кейінгі  қазақтың  қасіретіне  айналған  1930-1932  жылдардағы  аштық,  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы,  барлығы  да  қазақтың  осындай  әр  жаққа  шетел  асып  кетуіне  бірден-бір  себепкер  болған  оқиғалар.  Ал,  қазір  біз  егемендік  алған  тәуелсіз  елміз, ендеше  әлемнің  әр  түкпірінде  жел  ұшырған  қаңбақтай  шашырап  кеткен  қандастарымыздың  тарихи  отанына  оралуы  заңды  құбылыс.  Осы  ретте  елбасының  сарабдал  саясатының  да  алатын  орны  ерекше. 

Қазіргі  таңда  қазақ  әдебиетінің  дамуына  үлес  қосып  жүрген  мынадай  азаматтарымыздың  ішінде  де  шет  ел  асып,  бүгінде  өз  отанына  оралғандары  да  бар.  Мысалы:  Есенғали  Раушанов,  Төлеген  Айбергенов – Қарақалпақстан  жерінде,  Күләш  Ахметова – Қырғызстанда,  Исрайл  Сапарбай- Өзбекстанда,  ал  Марфуға  Айтхожина – Қытай  Халық  Республикасында  өмірге  келген.  Алайда  олар  өз  тілін ұмытпай,  бүгінгі  қазақ  әдебиетіне  өзіндік  үлестерін  қосуда.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 45.5 Kb
Количество скачиваний: 287
Просмотров: 597

Похожие материалы