Тракторлар мен автомобилдердің агрегаттар мен деталдарының жалпы құрылысы және жұмыс істеу тәртібі

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

1.1Дәрістің мақсаты: Студенттерге трактордар мен автомобилдердің жалпы құрылысы  және жұмыс імтеу тәртәбітуралы мағлұмат беру.

1.2 Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.     Трактордың түрлері

2.     Тратордың жалпы құрылысы

3.     Тракторлардың модификациясы

4.     Автомобильдердің құрылысы мен түрленуі

 

         Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынадай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш бөлік, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған.

         Двигательнегізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отыннан алынған жылу энергиясын траторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар. Олардың бірі электр қуатын, екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын және т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады.

         Двигательден алынған механикалық қуатты трактордың жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. Ол негізінен мынадай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүріс дөңгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандықтан, трансмиссиясының көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш дөңгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді.

         Құрылысына қарай трансмиссия да бірнеше  түрге бөлінеді. Олардың негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б.

Жүріс бөлігі тракторды  жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Троактор тұлғасына рама, жартылай рама  немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады.

         Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруға арналған. Олар көбінесе иінді тұтқалар немесе гидравликалық механизмдерден құралады.

         Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа қосалқы қызметтерді атқаруға арналған.

         Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады. Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.

Автомобиль негізінен үш бөліктен тұрады. Олар кузов, двигатель және шасси.

         Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған. Сондықтан да ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы жүк таситын машиналардың кузовына науа тәрізді жасалып, жүргізуші отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңіл машина мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететін қондырғылар орнатылады.

         Двигатель автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арнаған қажетті қуатты тудыратын бөлігі. Оның негізгі жұмыс принципі, энергияның бір түрін (көбінесе жылуды)  екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыруға болып табылады. Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірген бөлігін айтады. Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен, машина тұғыры, дөңгелек аспалары, рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді. Осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғылар болып табылады.

         Трансмиссия – двигательден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны машина қажетіне қарай түрлендіріп - өзгертіп береді.

 

1.3Тексеруге арналған сұрақтар:

1.     Тракторлар қандай қызмет атқарады?

2.     Тракторларды тарту күші бойынша қандай кластарға жіктейді?

3.     Тракторлардың жалпы құрылысын айтып беріңіз.

4.     Автомобильдер қандай қасиеттеріне байланысты түр-түрге бөлінеді?

5.     Автомобильдер қандай жұмыстарды атқаруға арналған?

 

1.4Әдебиеттер:

1.     Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

2.     Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 147 Kb
Количество скачиваний: 42
Просмотров: 178

Похожие материалы