Тұрақты ток тақырыбын қайталау

Предмет: Физика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тогы» қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  алған  білімдерін   қаншалықты  деңгейде меңгергенін байқау; сын тұрғысынан ойлауға,  қиыншылықты жеңе білуге дағдыландыру  және логикалық ойлау қабілетін дамыту; оқушыларды  өзара қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың оқыту технологиясы: сын тұрғысынан оқыту(СТО)

Сабақта қолданылатын стратегиясы: топтастыру, ой толғау, кубизм, Венн диаграммасы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақта, физикалық приборлар, сөзжұмбақ,

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар  4 топқа бөлінеді.

"Атом", "Электр", "Заряд", "Қуат"

2.Топты таныстыру

 

І. Қызығушылықты ояту

 

1. Сөзжұмбақ шешу.

(Тарауды қаншалықты меңгергенін білу үшін төмендегі сөз жұмбақ           шешіледі.Шағын топта талдап, сөз жұмбақты шешеді, Әр топтың лидері шығыпғ өз жұмыстарын қорғайды.

1.Өткізгіш жалғау түрі.

2 . L әрпімен өлшенетін өткізгіштің қандай шамасы.

3. Өткізгіш жалғау түрі.

4.Ток  күшін өлшейтін құрылғы.

5. Ток  күші рұхсат етілген шамадан кенет артқанда тізбекті ажыраттатын құрылғы.

6. Ток көзі.

7. Камерлин-Оннес байқаған өткізгіштік құбылыс.

8. Кернеуді өлшейтін құрылғы.

9. Тізбектегі кедергіні өлшейтін құрылғы.

10. Бірлік уақытта атқарылған жұмыс.

 

 

 

II.Мағынасын ашу

 

1.  Кубизм стратегиясы бойынша сұрақтар.

Кубтың 6 жағында төмендегі тақырыпқа        байланысты   тапсырма көрсетілген.

1-   анықтамасы.

2-  формуласы.

3-  техникада қолдануы.

4-  пайдаланатын құрылғы, тізбекке жалғануы.

5- сызбасы, графигі.

6- бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не   елестейді?

 

2. Тақырыптар  қорғау

1-  Электр тогы.

2- Электр кедергісі.

3- Өткізгішті параллель қосу.

4- Өткізгішті тізбектей қосу.

 

3.  Сурет бойынша жұмыс.

1) Суреттегі құрылғыны ата.

2)  Сызбасын сыз. Activstudio сызбасы бойынша.

3)  Шамалар көрсеткіші неге тең?

4)  График тұрғыз.

 

 

4. Эксперименттік есептер.

Тізбекті жина, сызбысын сыз, шамасын анықта.

 

 

5. Есеп шығару (топ мүшелері есепті бірлесіп шешіп, топбасшы қорғайды).

Тізбектің жалпы кедергісін  есептеңдер

R1  =R4  = 5 Ом , R3  = 4 Ом,

R 5=6Ом,  R2  =2 Ом , R 6 = 3Ом

Жалпы ток күші неге тең? 

 

 

6. Сергіту сәті.

 


Жұмбақ

Мұз жарғыш жүзіп келеді,

Бауыры қызып келеді.

Абайла ойып түсер,

Оңдайлар бұзық келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

III. Ой толғаныс

( схеманы толтыру)

 

 

 

ІҮ. Үй  тапсырмсы

Ү.  Бағалау

ҮІ. Венн диаграммасын толтыру

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 515 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 126

Похожие материалы