Тәрбие сағаттар

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік. Сабақтың мақсаты: Әдептілік туралы білім беру,білімдерін жетілдіру . Ой-өрістерін дамыту,сөздік қорын байыту.Әдептілікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.   2.Әңгімелеу. Әр адамның әдептілігі оның сөзінен,көзінен,өзінен байқалады.Халық әдебі «Сіз» деген сөзден басталады.Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу,балау сөздер жатады.Мысалы:жаным,күнім,айым,алтыным,ботам,құлыным, апатайым,көке,әпке,апа,аташым,ағатайым т.б.Көрген жақсылық үшін «рахмет» айту да әдептілік .Кіші адамның үлкен адамға тіл алғыштығы- әдептілік.   3.Мақал-мәтелдер айту,мағынасын ашу. 1.Әдепті бала-арлы бала, Әдепсіз бала-сорлы бала. 2.Әдептілік белгісі –иіліп сәлем бергені. 3.Әдепті бала ата-анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар. 4.Әдепті бала өсірсең,ауылдың абыройы. 5.Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең.   4. « Ізетті бала» өлеңін оқу. Ерлан қандай елгезек, Берді ағайға жол кезек -Ағай,ғапу етіңіз ! Алға қарай өтіңіз! -Оқасы жоқ ұланым, Ізетіңмен ұнадың !Деп ағай да ,Ерланды Жақсы көріп нұрланды.   5.Бекіту.-Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз? -Әдепсіз деп ше?   6.Ән « Мен әдепті баламын»   7.Қорытындылау  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 111.41 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 134

Похожие материалы