Тәрбие сағаты 6 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Абишева Нургуль Калиевна
|
Тақырыбы: Кім болам?
Мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, мамандық иелерін құрметтеуге және болашақ мамандықтықты таңдауға ықпал ету.
Көрнекіліктер: слайдтар, интерактивті тақта , постер.
Сабақ барысы:
1.Шашыраған әріптерден сөз құрастыру: «Мамандық»
2.Осы тақырыпқа сәйкес , алдын- ала үй тапсырмасы берілген (шығарма жазып келу)
«Кім болам?» Әр оқушы өз шығармасын оқиды. Мамандықтарына сәйкес 4 топқа бөлінеді.
3. I топ– Адам және адам
II топ – Адам және техника
III топ – Адам және табиғат
IV топ- Адам және өнер
Әр топ осы мамандықтарына сәйкес : міннез деп постер жасап қорғайды.
4. Анаграмма (Әр топқа қиынды қағаз беріледі)
I топ:Тікшеі ,хитарекрот , шітігін, рекағышр
II топ : Женирен, ханмеки ,лабышық , пазасыш
III топ : Шітіл , рехташ, заұст,пашон
IVтоп:Редігәр , шұқыш, набрик, суышына
Әр мамандық иесіне бір-бір сөйлем құрастырады.
5. Мақал – мәтелдер қай мамандыққа сәйкес:
1. Не ексең соны орасың.
2. Оқу инемен құдық қазғандай .
3. Жеті рет өлшеп , бір рет кес.
4. Ас-адамның арқауы.
5. Ауырып ем іздегенше , ауырмайтын жол ізде.
6. Отанды қорғау – парызың.
7. Малыңа сүйенбе – арыңа сүйен.
8. Кітап – білім бұлағы.
9. Жүз теңгең болғанша , жүз досың болсын.
10. Кісінің көркі киім емес –білім.
11. Тіл – қылыштан өткір.
12. Ғылым – теңіз , білім – қайық.
6. Мамандық құралдары (Әр топқа сурет беріледі мамандық иелерімен , соған байланысты жұмыс құралдарын айту)
Аспазшы: плита , тұз , ожау, миксер.
Дәрігер: градусник, танометр , дәрі-дәрмек.
Таксист:көлік , техпаспорт, жүргізуші куәлігі.
Тігінші:ине , тігін машинасы, қайшы.
7. «Тығырықтан шығу» ойыны.
(Кез келген сурет беріледі , сонын ішінен өз мамандықтарына сәйкес қажетті нәрсе табу)
Тәрбие сағатын қортындылау.
Рефлексия: Тәрбие сағаты ұнады ма ?
Қай бөлігі қатты ұнады?
Қанда й түйін түйдіңіз бүгінгі тәрбие сағаттан?
Қорытындылау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 30.5 Kb |
Количество скачиваний: | 143 |