Тәрбие сағаты ;Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады.

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

МКҚК «Технологиялық колледж»

Бекітемін ТІЖДО

Г.К.Гильманова

Кездесу кештің тақырыбы:

«Сарғайса да тарихтың ақ парағы,

Ол күндер мәңгі есте сақталады»

Дайындап өткізген: 7 топ жетекшісі: Г.С.Суюнова

Орал - 2015

тәрбие сағатының тақырыбы: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»

Тәрбие сағатының мақсаты: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, жалаушалар, ту, слайдтар.
1 слайд

- Ән жайлап ойнап тұрады «День Победы».

Қонағымыз Ұлы Отан соғысының батыры,полковник Рафхат Галимуллин ортаға шақырамыз. /Оқушылар жалаушалармен, шарлармен тұрып қарсы алу. /

2 слайд

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын ойнайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы әкелінсін !

1 слайд

2 1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!
Тарих үнемі жаңаланып отырады. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

Сөз – сынып жетекшісі- Суюнова Гульшат Серикбаевнаға

4 слайд

Левитан дауысы/ Левитанның сөзі:/видео/ Радиодан суық хабар,соғыс басталғанын жариялайды. Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді

2-Жүргізуші

Әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 8- мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмағанмың зеңбірек, 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді. Міне, содан бері 70 жыл уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

1- Жүргізуші:

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майданға 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды.

1-оқушы: Данагуль

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

2-оқушы:Замзагуль

Таң алдында сағат бесті соққанда,

Фашистер сылтаутаптыжоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды ойранды.

3-оқушы: Гульбадад

Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.

5-слайд,6 слайд

Видео :«Священная Война» әні жаймен ойналады

1-жүргізуші: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

2-жүргізуші: Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды.

7,8 слайд

Тақпақ « Біз соғыс жайлы не білеміз?» 7 топ оқушысы Жанғабылқызы Жанар

Соғыс жайлы не білеміз? Шамалы

Біз көрмеген , аға ұрпақ заманы

Ел шетіне жау тигенде ерлердің

Қару алмай , бар ма басқа амалы?

Кім тілепті сол сұрапыл соғысты,

Адам ату, аяусыз қан төгісті

Отан үшін, Сталин үшін ұрандап, /священная война/

Қанша қазақ жат өлкеде оққа ұшты

«Қара қағаз» алмаған аз шаңырақ,

Қалды аналар қайғы жұтып , аңырап

Жетім бала, жесір әйел көбейіп

Боздап жылап жатты бәрі жамырап

Болмас бұдан асқан,сірә жұт ірі

Талай үйдің өшті мүлдем түтіні

Жау жағадан алған шақта етектен

Тартып жатты нелер бәрі құтырып

Көп басқарма жасап елге зорлығын

Жұрт күйінді, көріп әбден қорлығын

Көз жасы мен қарғысына қалды олар

Қорғаны жоқ жетім -жесір сорлының.....

Үнсіз жатыр шейіт болып өлгендер,

«Біз жеңдік»- деп, оттан аман келгендер

Соғыс жайлы айтсын бізге әңгіме ,

Сол соғыстың қасіретін көргендер.

6- слайд: / Маншук апасымен/

Ән « Ана туралы баллада» 4-топ оқушысы Саздығалиқызы Гулсабира.

1-жүргізуші:Соғыс 1418 күнге созылды, 27 млн. адам қаза тапты, 2,6 млн. адам мүгедек болды, 1710 қала мен қала типтес елдімекендер қирады, 70 мың ауыл жойылды.)

7- слайд

Видео : Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар:

1-оқушы:Ақыл

Талғат Бигелдинов - Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған ұшқыш . Харьков түбінде, Днепр өзенінен өтерде, Львов операциясы кезінде неміс басқыншыларына жойқын соққы берді. Батыр Берлин төбесімен өте төмен ұшып, картаға жау әскерінің шоғырлануын түсіріп алады, бомба тиеп алып, гитлершілерді тұншықтыруға аттанып бара жатады. Осындай ерен ерліктері үшін 1945 жылы 26 қазанда Т.Бигелдиновке екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді

2- Айгерим

Иван Павлов, Сергей Луганский , Леонид Беда- Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған ұшқыштар.

6-оқушы:

Сұлтан Баймаганбетов- тамаша мерген, таңдаулы пулеметчик, жауынгер коммунист 67-армияның 43-Қызыл Ту атқыштар дивизиясы 147-атқыштар полкі командирі . өзінің денесімен жау пулеметінің үні өшірген . Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ оған қайтыс болғаннан кейін 1944 жылдың 21 ақпанында берілді

3- Маусымжан

Мәлік Ғабдуллин- 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. Ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады

4- Ақбөбек

Төлеген Тоқтаров-Москва маңындағы Панфилов дивизиясына , 275- полктың автоматшылар ротасының жауынгері болады. Нагаткино, Соколово, Трошково, Бракловицы, Траково деревнялары үшін болған ұрыстарда ерекше ерлігімен көзге түседі. Даңқты ерлікке толы Бородино үшін болған ұрыста Төлеген қаһармандық ерлік көрсетіп, қаза тапты.Отан гвардияшы Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының батыры атағын беріп, оның ерлігі жоғары бағаланды

5- Ұлданай

Қасым Қайсенов- Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник, өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ,ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып жауға соққы берді. Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, көптеген медальдармен наградталды.Соғыстан кейін бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа орындарындажауапты қызметтер атқарды .

6- Айдана

Мәншүк Маметова -(шын есімі Мәнсия) — 1922жылы , Орал облысыОрда ауданы туған — қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры (1944). Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, 1943 ж. қазанның 16-ы қаһармандықпен қаза тапты.

7- Бибигуль

Әлия Молдағұлова- 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы дүниеге келді.

1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Казачиха деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты. СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 4 маусымда Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

8- Гульмарал

Хиуаз Доспанова- 15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин ауылында Атырау облысы—дүниеге келді. 2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасындадүниеденозды Екіншідүниежүзіліксоғысының қазақтаншыққанжалғызәйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, ҚазақстанРеспубликасының ХалықҚаһарманы.

9-оқушы Саида

Рахымжан Қошқарбаев-1924 ж 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.

Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы атағы 1999 жылы берілді .

1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды

9- Замзагуль

Бауыржан Момышұлы- 1910 жылы 24-ші желтоқсанда Жамбыл облысының дүниеге келді. Баруыржан Момышұлы – Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние салады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.81 Mb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 158

Похожие материалы