Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»
Предмет:
Начальные классы
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Серикбаева Салима Толегеновна
Здесь была ссылка на работу Тәрбие сағатының тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы» автора Серикбаева Салима Толегеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жылулық шеңбері: «Тілек шоғы» деп аталады. Бір - біріне жақсы тілектер айтады. - Әр күнің қуанышқа толы болсын, - Саған денсаулық тілеймін. - Аспанымыз ашық болсын - Ата - анаң аман болсын - отанымыз көркейе берсін. - Деніміз сау болсын. - Балалар, қараңдаршы, сендердің тілектерің үлкен тілек шоқтарына айналды . - Балалар осы жақсы көңіл күймен оқу іс -. әрекетімізді бастаймыз 1) Суретпен жұмыс. - Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді. Шаштараз -. бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді Дәрігер - ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді. Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам. Аспазшы - дәмді тағам пісіретін (маман иесі). Жүргізуші - баратын жеріңе тез жеткізіп салатын, адамға қамқор болатын жан. Құрылысшы - зәулім ғимараттар, қабат -. қабат үйлер салатын маман иесі 2) Сұрақ - жауап. - Әр бала өз әке - шешесінің қайда жұмыс істейтінін айтып береді. - Қалай ойлайсыңдар, мамандықтардың бәрі қажет пе? - Нұрбол сенің әкең қайда істейді? - Жүргізуші - Суреттен жүргізушіні көрсетеді. - Ал, Сабинаның тәтесі қайда істейді екен? - Тігінші - Тігінші не тігеді? - Көйлек Осындай әр түрлі мамандықты тану үшін алдымен әдепті, тәрбиелі оқыған үлкен азамат болып өсуіміз керек. Ол үшін бәріне еңбек қажет. Міне мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маманның өзіне тиесілі жұмыстарымен шеберліктерімен ерекшеленеді. - Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? -Мамандық дегеніміз - адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Әсмепаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң арқалан Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тапта бар қалан, - дегендей өмірден өз орнымызды тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең дәрігер, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.