Тәрбие сабағы: «Ана тілім – ардағым»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бекходжаева  Алия  Нурахуновна   Еңбекшіқазақ ауданы Шелек аулы Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп  мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің   бастауыш  сынып  және информатика мұғалімі

Тәрбие сабағы: «Ана тілім – ардағым»

  Мақсаты:

1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер,интербелсенді тақта.

Түрі: дәстүрлі емес.
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, зейіндерін шоғырландыру.

                                                                 КІРІСПЕ БӨЛІМІ
АЯЛА: Бүгінгі «Ана тілім-ардағым» атты тәрбие сағатымыз  22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлесіміз болар деген мақсатпен, ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,

 Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келе тәрбие сағатымызды бастайық!

1-ЖҮРГІЗУШІ: Ана тілі мен әдебиеті әрбір ұлттың мақтанышы, асыл мұрасы. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез – келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Тіл – ұттың жаны, тіл – ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

 

Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа ,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.92 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 101

Похожие материалы