Тренинг «Менің сыныбым - менің ұжымым»

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

Тренинг «Менің сыныбым - менің ұжымым»

Сынып: 5б Өткізілген күн

Мақсаты: Балалардың бір-біріне, ұжымға деген адамгершілік құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Жақсылық пен достықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

2. Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;

3. Кешірімді болуға, бір-біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:

Достық туралы суреттер, интерактивті тақта, а4,түрлі-түсті қарындаш.

І. Сәлемдесу.

ІІ. Шаттық шеңбері:

Аспан түрді түндігін

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы күн!

ІІІ. Оқушыларға ұжымдағы адамгершілік құндылықтары туралы түсінік беру.

Ұжым – мақсаты бір, бірімен-бірі тең құқықты, сыйлы, сыйласымды адамдардың бірлестігі.

ІҮ. Ойланайық, пікірлесейік. «Ұжымда болу- бақыт»

1.Менің ұжымдағы орным.

2.Жалғыздың үні шықпас...

3.Ұжымдағы менің досым.

Ү.Ойын «Ұжымдасу»

Ойынның мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен араластыру, ұжымдастыру.

Жүру барысы: Оқушылар ортаға шығып, көздерін жұмып, бір-бірімен араласып, жүреді. Бейберекет қозғалыста болады. Мұғалім қолын 2 рет шапалақтағанда оқушылар екі-екіден бір-біріне қарап қолдарын ұстап тұра қалуы керек. Қарама-қарсы тұрған екі оқушы бір-бірі туралы ойларын ашық айтады.

ҮІ.Жүректен –жүрекке. «Дос болайық бәріміз» әні.

ҮІІ. Қорытындылау.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 3.73 Mb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 352

Похожие материалы