Тренинг: НАҒЫЗ ДОС (оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату)
Предмет: | Школьному психологу |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
КАБЫЛОВА Аманкуль Калиевна
|
№ 8 орта мектеп МКМ
Педагог-психолог А.Қабылова.
Тақырыбы:
«Нағыз дос»
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бірін-бірі сыйлауға, адал дос болуға үйрету және жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үнтаспа, ақ парақ, түрлі-түсті қағаздар, плакат, стикерлер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, ДОСТЫҚ – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес болуы. Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңда да, ол саған қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашанда мезі қылмайды, ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер өзінің уытын жоғалтады».- дейді. Біздің бүгінгі тақырыбыз да «Нағыз дос» деп аталады.
Енді бәріміз үнтаспаға қосылып «Достарым» әнін айтайық.
Толтыра көңілдің отын, достарым,
Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс біліп қостадың.
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,
Жүріңдер сендер қолтықтан демеп, достарым.
Жабыққан сәтте қас қағым,
Жаныңды ұғар басқа кім.
Жаңа бір әуен бастадым,
Сендерге арнап достарым.
Мақал-мәтелдерді талдау.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Жақсымен дос болсаң – жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң- қаларсың ұятқа.
Досы жоқпен сырлас.
Досы көппен сыйлас.
Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап, тең құрбыңның ішінен.
Поэмадан үзінді М. Шаханов.
Бүкіл халық даңқты ...
Іздеп барса, бүкіл хандық жиылып,
Дарға асқалы жатыр екен жан досын....
Тұтқын жігіт өміріне, сауға сұрап жылапты,
Досым еді тұрақты,қиын шақта табысып,
Біге іздескен мұратты, ...
Ете алмады ел, көз жасына иелік,
Бір-біріне сүйеніп, бірін-бірі аялап,
Келе жатқан екі досты көргенде.
... Достық сезім мәңгі жасыл желегі,
Тек тұрақты қасиеттер елегі.
Достыққа осал болғандардың барлығы,
Ел тағдырын ойлауға қабілетсіз келеді.
Нағыз дос қандай? Ассоциация жасау.
Шағын шығарма жазу, «Нағыз дос»
«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
Мысалы: Мен жақсы доспын, себебі мен қайырымды, жанашырмын.
Мен нағыз доспын, өйткені достыққа адал, шынайымын.
Мен тамаша доспын, себебі ...
Қорытынды .
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.36 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |