Тренинг тақырыбы: Мен қалаған мамандық

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: «Мен қалаған мамандық»

Мақсаты:оқушылардың кәсіби бағдар мен кәсіби өзін-өзі анықтауға ертерек тәрбиелеу және дайындау. 

Жүрісі:

1.      Оқушылар кәсіп, мамандық, лауазым сөздердің мағыналарын ашу.

2.      Статистика бойынша шағын мәлімет

3.      Мамандық таңдауда оқушыларға кеңес

4.      Әр түрлі фигураларды таңдау арқылы тұлғалық сипаты анықталады.

5.      Голланд әдісі

6.      Оқушылардың өз ойларын білу.

7.      «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы

8.      Подиумға жүргізу.

 

1.      Кәсіп, мамандық, лауазым сөздерін талдайды.

2.      Статистикалық мәліметтер бойынша негізгі және жоғары мектеп бітірушілердің оннан жетеуі мамандық таңдауда қателеседі, сондықтан колледж бен жоғары оқу орнын бітірушілердің 70 пайызы алған мамандықтары бойынша жұмыс істемейді

3.    «Өскенде кім болғың келеді?», – бұл сұрақ үлкендердің кішкентай балаларға қойғанды жақсы көретін ең кең таралған сұрақтардың бестігіне кіреді. Мектептік өмір көзді ашып – жұмғанша өтті де кетті, ырқымызға бағынбай қоштасу кеші де, ҰБТ да жақындап келеді, ал “Кім болам” деген сұрақ түлекті де, оның ата – анасын да одан бетер алаңдатуда. Сол кезде адаспай өз мамандығымды қалай табуға болады деген сұрақ туындайды.

-       Ең бірінші мамандықтан не қалайтыныңды жақсылап ойланып ал. Саған қандай салада жұмыс істеген қызықты, қандай өмір салтын жоспарлайсың, жоғары жалақы саған қаншалықты маңызды, осындай сұрақтардың бәрін жақсылап ойланып ал.

-       ең бірінші өзінің қабілетіңді ескер. Математикадан үш алып жүріп бағдарламалаушы болам деп армандаудың қажеті жоқ.

-       Тағы бір пайдалы нәрсе – профориентацияға тестілер.

       Бұл не? Әдетте, бұл сен келісетін немесе келіспейтін түрлі пікірлер.                     Мұндай тестілерде көптеген пәндер бойынша - физика, химия,               астрономия, әдебиет және басқалары – сұрақтар болады; сондай – ақ, олар саған өзіңнің қызығушылықтарың мен мінезіңді, кейде зияткерлік дейгейіңді бағалауға көмектеседі.

-       Сондай – ақ, қазір жұмыс берушілер қандай мамандықтарға сұраныс жасауда, ал сен ЖОО – дағы оқуыңды бітіргенде, яғни бес жылдан кейін қандай мамандыққа сұраныс артатынын біліп алғаның жөн.

-       Бірінші жағдайда ең жақсы көмекшің – газеттер мен жұмыс іздейтін сайттар, ал екінші жағдайда – интернет желісінен табуға болатын әлеуметтанушылардың болжамдары, өзіңнің жеке ойың.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.87 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 143

Похожие материалы