«Төрлет, төрлет жаңа жыл»
Предмет: | Логопедия |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Абуова Жанар Муратаевна
|
"Описание материала:
"Ертеңгілік кеш жоспары:
" "Тақырыбы: ""«Төрлет, төрлет жаңа жыл!»
"Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі екендігін сезіндіру, аяз атамен ақшақардың сиқырын көрсету. Тақпақ, би, үйретіп бала бойындағы өнерін ашу. "Безендірілуі: Топты жаңа жылдық мерекеге сай етіп безендіру. Балалар қатарласып музыка әуенімен топқа кіреді.
"Барысы: "Айзере: Жаңа жыл жаңа әннің тербелуі Жаңа жыл дала ырысы, дала гүлі Жаңа жыл тұнық көзі тыныштықтың Жаңа жыл ұлы ақынның жыр кемесі
"Қожахмет: Жаңа жылым жол болсын Басқан қадам оң болсын Төрлет, төрлет, жаңа жыл! Бізге құтты жыл болсын.
"Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! "Хоровод: «Туылып шырша орманда». Ал балалар, біздің тобымызжаңа жыл мерекесіне сай етіп безендірілген, шыршамызда бар енді бізге кімдер жетіспейді екен?
"Балалар: Аяз ата, Ақшақар Олай болса, ортамызға Аяз атамызбен Ақшақарды шақырайық. «Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар» музыка әуенімен топқа кіреді.
"Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сәлеметсіңдер ме ата-аналар. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Денсаулықтарың мықты болсын. Ескі жылда бірге болдық, Жаңа жылда бірге болсын. Ешқайсыңды ұмытқаным жоқ. Міне, Айзереде, Аяулымда, Қожахметте, Әйтенде, Мансұрда, Кәусарда, Назым мен Берікте, Сағдатпен, Сағымбекте. Бәрі-бәрі осында, мен сендерге таныспын ба?
"Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіңдер ме, достарым! Шыршаларың қандай тамаша? Жасыл желек жамылған Асыл моншақ тағынған Міне, әсем шыршамыз Көптен күтіп сағынған. «Қолындағы таяқшамен шыршаны жағады» Сол сәтте шырша жарқырап жанады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.31 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |