Здесь была ссылка на работу Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар автора Әлімқұлова Айгерім Әділханқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
“ЭВОЛЮЦИЯ” латынша “evolutio” – “тарихи даму, өзгеру, өрлеу” деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізді. Швейцария жаратылыс зерттеушісі Ш. Бонне (1720-1793 жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюция – уақыттың жылжуына байланысты дамудың бастапқы қалпынан біртіндеп өзгеріп, жаңа дүниенің пайда болуын білдіреді. Эволюциялық ілім – тіршіліктің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күшінің тарихи дамуын зерттейді, оның негізін ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин салған. Дарвинге дейінгі тірі табиғат туралы ғылымға үлес қосқан философтар – Аристотель, Теофраст, т.б. Аристотель “Жануарлардың тарихы”, “Жануарлардың бөліктері туралы” деген ғылыми еңбектерін жазып, жануартану ғылымының негізін қалады. 454 жануардың сыртқы жәнеішкі құрылысын, тіршілігін зерттеп туыстық жағына, сыртқы белгілеріне қарап алғаш жіктеді. Барлық жануарларды қандылар мен қансыздар деп үлкен 2 топқа бөлді. Адамды ең жоғары сатыға қойды. Табиғат зерттеуші швед ғалымы Карл Линней органикалық дүниені белгілі бір жүйеге келтірді. К.Линней өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ең алғашқы жүйеленім ғылымының негізін салды. Өсімдіктерді жіктеу үшін құрылысы жағынан ұқсас жараларды, түрді негізге алды. Өсімдіктердің 8000-нан астам, жануарлардың 4200-ден астам түрлерін анықтады. Ұқсас түрлерді туысқа, ұқсас туыстарды отрядқа, отрядтарды класқа біріктірді. К.Линнейдің жүйесіндегі ең ірі жүйелік топ – класс, ең төменгісі – түр деп аталды. Барлық өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді. Гүл бөлімдеріне күлте, тозаңқап, аталық жіпшесі, шірнелік, аналық жатыны, аналық аузы, гүлтабаны, гүлсағағы, гүлсерігі атауларын енгізді. Өсімдіктің түрін латын тілінде қосарлы атау тізімін (бинарлы номенклатура) (туысы мен түрі) ұсынды. К.Линней жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді: Француз ғалымы Жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салды. Ж.Б.Ламрктің эволюциялық теориясының артықшылығы: нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуінде. «Зоология философиясы» (1809 ж) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеп берді. Ж.Б.Ламарк жануарларды жүйелеу жұмыстарымен де айналысты. Ұқсастық белгілеріне қарап, омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөліп, 6 сатыға, 14 класқа топтастырады.