Төрт түлігім –бірлігімнің ырысы
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Нурпесова Рабига Алиханкызы
|
Тіл дамыту
Төрт түлігім –бірлігімнің ырысы
Мақсаты:Ұлтымыздың салт-дәстүрлерін білуге,төрт түлік малдың түрлерімен адамға пайдасын сондай-ақ,олардың қимыл қозғалысы,түр-түсімен таныстыру арқылы балалардың ой-өрісін,тілін, сөздік құрамын дамыту,дыбыстарды айтуға үйрету,жануарларға деген сүйіспеншілігін,қамқорлық сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі:төрт түлік малдың суреті,ойыншықтар.
Сөздік жұмыс:малдың мүйізі,өркеші,жалы,тұяғы және торпағым, қоңырым, тұлпар тоташым,шұнағым.
Ұйымдастыру кезеңі:Гүл туралы тақпақпен басталып,балалардың көңіл-күйін көтеруге арналады.
Гүлдер,гүлдер,көп гүлдер,
Қызыл гүлдер көк гүлдер.
Күн нұрыны боялып,
Көрік бердің далаға.
Гүлдер,гүлдер шоқ гүлдер,
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Гүл жайында тақпақ айтылып болған соң гүлдердің түр-түсіне тоқталады.Одан соң сұрақ қою арқылы балалардың дене қимылын жетілдіру,түсінігін дамытуға көңіл бөлінеді.
Тәрбиеші: Балалар сендер таңертең оянғанда не істейсіңдер? Қандай жаттығу жасайсыңдар? Мысалы,мынадай деп, тәрбиешінің көрсетуі арқылы барлығы еркін қимыл-қозғалыспен әртүрлі жан-жақты жаттығулар жасайды.
-Балалар, сендер сүтті айран, қымыз, құртты жақсы көресіңдер ме?
-Ол тағамдардың неден алынатынын білесіңдер ме?
-Дүкеннен.
-Ал, дүкенге бұл тағамдар қайдан келеді?
-Зауыттан.
Тәрбиеші:Балалар сүт, айран, қымыз, құрт сияқты тағамдар төрт- түлік малдан алынады. Оны зауытта өңдеп, дүкендерге береді. Төрт- түлік малдың бәрі бізге сүттен әзірленетін тағамдарды береді.
-Балалар сүттің түсі қандай екен?
-Ақ түсті.
-Мынау ненің суреті?
-Сиырдың.
-Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар сиырдың төлін қалай атаймыз?
-Бұзау.
-Дұрыс.
-Сиыр мен бұзау қалай дыбыс шығарады?
-Мө-мө-мө деп дыбыстайды .
-Мінеки, сиырдың адамға пайдасы көп екен. Сиырдың сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігіледі. Ол үшін сиырды күтіп, бағуымыз керек.
-Сиырға жем, шөп берерде, сауарда қалай шақыратынын білесіңдер ме?
-Аухау-аухау деп шақырады (хормен айту)
-Балалар халқымыз әр малдың пірі, киесі бар деп есептейді.
-Мысалы, Сиырдың атасы -Зеңгі баба. Ата-бабамыз сол малды бағып-қағып күткен, өнімін пайдаланған.
-Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Қойды.
-Ал, қой қалай дыбыстайды?
-Маңырайды.
-Қойдың төлін қалай атаймыз?
-Қозы, қошақан.
-Қойдың пірі, киесі-Шопан ата деп аталады.
-Балалар мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
-Ешкіні.
-Дұрыс айтасыңдар, ешкінің басында несі бар?
-Мүйізі бар.
- Иегінде несі бар?
-Сақалы бар.
-Ешкінің төлін қалай атаймыз?
-Лақ.
-Ешкі мен лақты қалай шақырамыз?
-Шөре-шөре.
-Ал, ешкінің пірін-Сексек ата дейді.
-Мынау ненің суреті?
-Түйе.
-Дұрыс айтасыңдар, түйенің екі өркеші бар екен.
-Түйенің шұбатын ішіп көрдіңдер ме?
(Балалардың жауабы)
-Түйе үй жануары ма?
-Ия.
-Дұрыс айтасыңдар, түйенің адамға пайдасы көп.
-Түйені сорап-сорап деп шақырады екен.
-Түйенің төлін қалай атаймыз?
-Бота дейміз.
-Түйенің пірі-Ойсылқара.
Сергіту сәті. «Төлдер әні»
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
Секең-секең ей лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ.
Тыным тапсаң болмай ма?
Секеңдемей бір уақ.
Тәрбиеші: Жазда бие сауды,
Қыста жылқы бағады.
Бізде жақсы көреміз,
Қымыз берген апаны.
деген өлең шумағын оқып береді де, балалардан:
-Сендер қымызды ішіп көрдіңдер ме? деп сұрайды.
(балалардың жауабы)
-Жылқының төлін не деп айтамыз?
-Құлын, құлыншақ.
-Дұрыс, жылқы мен құлын қалай дыбыс шығарады?
-Кісінейді.
-Жылқыны дауыстап құрау-құрау деп шақырады.
-Жылқының пірі Қамбар ата деп атайды.
-Енді малдың төлін қалай сүйетінің білу үшін төрт-түлік жырларынан оқып берейін, мұқият тыңдаңдар.
Тәрбиеші төрт-түлік жырын оқып береді.
Дидактикалық ойын «Кім жылдам?»
Мақсаты: Бірнеше бөлікке қиылған үй жануарларының суретін құрастырулары керек.
Балаларға мақал-мәтелдер айтып беру, жаттату.
Жылқы малдың патшасы,
Түйе-малдың қасқасы.
Қой мырзалық,
Сиыр ақтық,
Бота ойнақтаса молшылыққа,
Тайлақ ойнақтаса тоқшылыққа.
Қорытындылау : сұрақ-жауап арқылы пысықтау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.2 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |