«Туынды» тарауына есептер шығарту
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Имангазиева Клара Айтахыновна
|
Тақырыбы: «Туынды» тарауына есептер шығарту
Мақсаты:Оқушылардың «Туынды» тарауы бойынша алған білімдерін тереңдету,жинақтау,жүйелеу,бекіту
Дамытушылығы:Оқушылардың шығармашылық белсенділігін ,өз бетімен қорытынды шығаруын жетілдіру
Тәрбиелігі:Еңбекке баулу,жауапкершілікке,мақсатына жете білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар
Сабақ типі:қайталау сабағы
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма,топтық, жекелей жұмыстар
Білім беру технологиясы:Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе »оқыту технологиясы
Пән аралық байланыс:физика,тарих
Психологиялық тренинг: Жүректен жүрекке
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру (Сынып оқушыларына сәлемдесу,оларды түгендеу,зейінін сабаққа аудару )
Сынып 3 топқа бөлінген.Әр топтың топ басшылары бар,оларға бағалау парақтары берілген.
II. Оқушылардың назарын интерактивті тақтадағы сабақтың түйінді сөзіне аударамыз
«Жалғыз сүйеніш ,жалғыз үміт-оқуда,қанша жетістікке жетсек те,жұртшылығымызды сақтасақ та,дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір оқудың арқасында аламыз,жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу»
М.Дулатов.
1.Түйінді сөздің мағынасын қалай түсінеміз?
2.Білім туралы Елбасымыз Н.Назарбаевтың қандай сөздерін білесіңдер?
3.Ел Президентінің жастарға деген қамқорлығықтарын айтыңдар?
II.Үй тапсырмасын тексеру
Әр топтан бір оқушыдан шығып, үй есебін кезекпен тақтаға шығарып тексереді.
III.Қызығушылығын ояту
1.Дифференциалдаудың негізгі ұғымы-туынды қалай пайда болды? ( Түзу сызықты бірқалыпсыз қозғалыстың жылдамдығы мен кез келген қисыққа жанама жүргізуге байланысты есептерді шешу кезінде XVII ғасырда пайда болды)
2.Туынды үшін у´ және f´(x) белгілеулерін кім енгізген?
( Лагранж )
3.Алғаш рет қисыққа жанама жүргізудің 1-ші жалпы түрін кім көрсеткен?(Декарт )
IV.Қайталау ( Өтілген материалдарды еске түсіру )
1 - слайд Туынды кестесі
V.Мағынаны ажырату
Топ бойынша туындыны табуға есептер шығару
VI.Деңгейленген өзіндік жұмыс 2-слайд
1 деңгей
2 деңгей
3 деңгей
Туынды табыңдар:у=х2+6 (шешуі:у´=2x)
Туынды табыңдар:
y=x2+x-5 (шешуі:у´=·2x+=x+
Туынды табыңдар:
Y=+ (шешуі:y´=+ )
D(y)-? Y= (шешуі:х2-4≠0,х2≠4,х≠±2)
D(y)-?y= Sin(2x+) (шешуі:D(y)=R)
D(Y)-? Y= (шешуі:D(y)=(0;1) (1;∞) )
Жанама теңдеуін жазу y=3-x2; x0=1 (шешуі:y(1)=3-12=2;y´=-2x;
y´(1)=-2·1=-2;
y=2-2(x-1)=
-2x+4)
Жанама теңдеуін жазу y=4x2+3x-2; x0=3 (шешуі:y(3)=4·9+3·3-2=43;y´=8x+3;y´(3)=
8·3+3=27;y=43+27(x-3)=27x-28)
Жанама теңдеуін жазу y=-x3-5x+7
X0=-3 (шешуі:y´=-·3-5;y(-3)=8,5;y´(-3)=-18,5;y=8,5-18,5(х+3)=-18,5х-47)
VII. а)Бағалау
Алдымен топ басшылары бағалау парақтары бойынша оқушылардың бағаларын айтады,мұғалім қорытынды бағасын шығарады.
Б)Сабақты қорытындылау
VIII.Үйге тапсырма §12-18 қайталау
№188 және №213
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.49 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |