Тырма - шөптегішті жасау

Предмет: Технология
Категория материала: Тесты
Автор:

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға бұйымдарды сызба бойынша кесу тәртіптерімен және орындау шарттарын, реттің көрсету, пайымдау; темір кесетін араны қолдану әдістерін түсіндіріп, бекіту, сонымен бірге жұмыс істеуге дағдыландыру және тырма - шөптегіштің жұмыс бөлшегін сурет бойынша кесу жұмыстарын орындату.
Дамытушылық: теориялық білімдерің, сарамандық іс - әрекеттерімен ұштастырып оны іс жүзінде пайдалану, ойлау қабілетін арттырып, сызба бойынша ұсталық шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, төзімділікке, үнемділікке тәрбиелеу, бастаған ісін аяқтауға үйрету.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
- Балалар, бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың осы өлеңімен бастайық. (слайд - 1)
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз.
Осы өлең жолдарының әрбір сөзінің астарына үңіліп қарасақ берілген мақал - мәтелдерімен үндесіп жатыр. Сендер көріп тұрған мақал - мәтелдердің жалғасын тауып толық оқып беріңдер, мағынасын ашыңдар. (слайд - 2)


Өте жақсы, біз осы сабақта, мақал - мәтелдерді есімізден шығармай, жақсы еңбектенейік, білейік, білгенімізді айтайық.

II. Өткені қайталау арқылы жаңа сабаққа кірісу.
Өткен сабақта қандай бұйымды біз бастадық?
Бұл құрал - сайман не үшін қажет? (слайд пен бұйымды көрсету.)
Ол қандай бөлшектерден тұрады? (слайд - 5)
Біз қай бөлшегін жасап отырмыз? (слайд)
Қандай материалды біз пайдаландық?
Жұмыс бөлігінің өлшемдерін айтып беріңдерші. (сызба арқылы, слайд - 6)
Сурет арқылы жұмыс реттігін дұрыс табыңдар. ( Слайд бойынша оқушылар бұрысын тауып дұрыс рет - ретімен орналастырады.) (слайд - 8)
Тексеру (слайд - 9)
Технологиялық карта арқылы өткен сабақта не істегенімізді айтайық.
1. Материалды дайындау.
2. Төртбұрышты кесіп, қырындарын егеу.
3. Сызба бойынша, тесіктері болатын жерлерін белгілеу.
4. Тесіктерін тесу.
5. Кесілетін жерлерге сызықтарды енгізу.
(Оқушылар слайдтағы, сурет арқылы жасаған жұмыстарды аттап шығады. 3 - 4 топ балалар сөйлемдерді тауып ретімен орналастырып оқып береді.)
Бізге осы жасап жатқан бұйымда тесіктер не үшін қажет?
Өткен сабақта жұмыс жасағанда қандай құрал - саймандарды пайдаландық?
(Оқушыларға табличка беріліп, олар кестеге іледі.)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.89 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 148

Похожие материалы