Тізбектелген сабақтар топтамасына модульдер қалай және неліктен ықпалдастырғаны туралы таныстырылым

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

      Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін  талап ететін  проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту  идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы  3 кезеңнен  (ERR)  тұрады:

I.-қызығушылығын ояту    ( «көпір жасау»,  ой қозғау)

II.- мағынаны таныту        ( мағынаны ажырату)

III.- ой-толғаныс                ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)

             Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын  тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше,  дәстүрлі сабақта  оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;оқушы   білім  сыни тұрғыдан  ойлау  сабағында  оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында.  Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге,  ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына,  үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына  қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.   СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік  лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 2- сынып оқушыларының  жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданРАФТ  Бұл стратегияны «кейіпкерге хат»  деп алса да болады. Формасын түрлендіруге  мүмкіндік бар: хат,  хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе  жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

            Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың  сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына  өзі жауап  беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 492.56 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 89

Похожие материалы