Учебно-методическое пособие: Орыс тілді бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәніне арналған.

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Алғы сөз

Қазақ тілі. Оқу-әдістемелік құрал бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін үйренуде көмекші әдістемелік құрал бола алады. Оқу-әдістемелік құралда қосымша тірек сөздер, грамматикалық мәлімет, мақал-мәтелдер, қызықты жаттығуларберілген. Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін үйренушілер мен оқушыларға арналған.

Оқу-әдістемелік құралдың мақсаты: оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізуге, біреудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсінуге дағдыландыру.

Оқу-әдістемелік құралдың міндеттері:

  • жаңа сөздерді меңгерту;
  • айтылым тапсырмалары бойынша сөйлеп дағдыландыру;
  • жазылым тапсырмалары бойынша дұрыс жазуға үйрету;
  • оқылым тапсырмалары бойынша жазғанды дұрыс оқуға баулу.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру - маңызды мәселелердің бірі.

Білім, ептілік, дағды талаптарына (ЗУН) байланысты суреттер арқылы жаңа сөздерді меңгеріп, өз ойларын жеткізуде пайдаланып, дұрыс айту, жазуға дағыдыландыру көзделген. Ол әрбір тапсырмада сұрақтарға жауап беруде, тор көздерді толтыру арқылы жүзеге асырылады.

Айтылым, жазылым, оқылым бойынша көкөніс, жануарлар, отбасы түсініктері қамтылған.

Бұл оқу-әдістемелік құралдың қажеттілігі тақырыптарға байланысты қосымша материалдардыңсыни ойлауға негізделіп интербелсенді әдістер арқылы тілді меңгертуде деп білеміз.

Пән аралық байланысы: дүниетану пәнімен өзара байланысты, өйткені тақырыптың барлығы (көкөніс, жануарлар, отбасы) дүниетанупәнінің зерттеу нысаны болып келеді.

Оқу-әдістемелік құралды құрастыруға көп жылдық тәжірибе мен жинақталған материалдар негіз болды.

Оқу-әдістемелік құрал Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттікжалпыға міндеттістандарты ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010 және 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хаттың /құрастырушы: Скакова З.С. Өскемен қалалық білім беру бөлімінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері/ негізінде, сонымен қатар 1-4-сыныптардағы күнтізбелік жоспарға сәйкес жазылды. Атап айтсақ, 1-сыныпта океанарум тақырыбын өткенде жануарлар тақырыпшасында /1-сынып. Қазақ тілі. Оқулық авторы: А.Қайырбекова, Алматы, «Атамұра»2012 жыл./ «Қара, мынау піл!», «Қандай аңдар» дегенде қолдануға болады. «Үзіліс. Асханаға кеттік. Жүр, асханаға барайық» атты 3-модульде, «Әлібек, бұл – жемістер, көкөністер». 2-сыныптың 1-тоқсанында «Мен және менің отбасымда» тақырыбы бойынша туыстық атауларды қолдануға болады. 2-тоқсанда «Үй жануарлары қой /қозы, сиыр/ бұзау, жылқы /құлын» атты модульде, сондай-ақ 3-сыныпта «Мен және менің отбасым, Мен азық-түлік дүкеніне барамын» атты тақырыптарды өткенде көмекші құрал бола алады деп білеміз.

Тақырыптарға байланысты әдістемелік құрал болғандықтан күнтізбелік жоспардағы сағатқа сай қолданылады.

Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Сондықтан біз осы оқу-әдістемелік құралдың көмегімен оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізуге,біреудің сөйлеген сөзін, жазғаның түсінуге дағдыландырунәтижесі күтіледі. Бұл дегеніміз - коммуникативтік құзыреттілік. Коммуникативтік құзыреттілік – бұл коммуникативтік, тілдік білім, білік, дағдылардың жиынтығы.

Оқу-әдістемелік құралды жазу барысында интербелсенді әдістер қолданылды. Олар: Т-кестесі, Венн диаграммасы, ойын, миға шабуыл, болжау, Блум таксономиясы қолданылды.

Суреттер арқылы тез есте сақтау дағдыландыру мақсатында өсімдіктер, жануарлар, туыстық атауларды қамтыдық. Ойын тапсырмалары мен қатар тақпақтар жаттауға беріліп отырды. Жұмбақтар өткен тірек сөздерге құрылды. Суреттер интернет қорынан алынды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 5.71 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 134

Похожие материалы