Урок «Қазақ зиялыларының рөлі мен қызметі»

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

1.     Оқушылардың қзақ зиялылары туралы білімдерін тиянақтау;

2.     Нақты мәліметтерді анықтау дағдыларын қалыптастыру арқылы шығармашылық ізденістерін, ойлау қабілеттерін дамыту;

3.     Қазақ зиялыларының еңбектері мен өмір баяндары арқылы патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: фото – монтаж, слайдтар, карта.

Сабақтың түрі: бекіту.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Әдісі – сұрақ-жауап, схема және оқушылардың рефераттары арқылы өткізу.

ІІ. Мақсат қою: Қазақ зиялыларының өмірі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақты бекіту

Сұрақтар:

1.     Қзақ зиялылары дегеніміз кім?

2.     Қазақ зиялыларын атқарған еібектерін білеміз бе?

3.     Қазақ зиялылары қоғамының дамуына қалай әсер етті.

4.     Алаш – ұғымын қалай түсіндіре аламыз?

 

-        Балалар, қазақ зиялылары қазақ қоғамында үлкен беделге ие болды.

ХХ ғ.алғашқы онжылдығында қазақ ұлттық интеллигенциялық үшін жалпы елдік зәру мәселелерді көтеретін қоғамдық ойға қозғау слып, бағыт бере алатын газет журналдар шығару үлкен қоғамдық мәселеге айналды. М. Сарин «Айқап» журналын шығарып, отарлық саясаттың қазақ қоғамына тигізіп жатқан зардаптарын ашып көрсетуге күш салды және қазақ халқы арасында ағартушылық қызмет атқарды. Ал 1913 жылдан – 1917 жылдар арасында шығарылған  «Қазақ» газеті тәуелсіздік, егемендік  дербес мемлекет құру туралы алғашқылардың бірі Ә. Бөкейханов, газет редакторы . Байтұрсыновтар болды. Бұл газетте Алаш Орда өкіметінің бағдарламасы жарияланды.

-        Ал, балалар, өз ізденістеріңе сүйеніп, қазақ зиялыларымен танысайық.

Оқушылар өз рефераттарын қорғайды.

Сонымен балалар ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында мәдениет пен ағарту ісінде баспасөз – негізгі үгіт насихат құралы болып есептеледі.

Қазақстанның қоғамдық санасы еркіндік ұғымы мен шовинистік отаршылдық пиғылдың текетіресіне түсіп, қазақ  зиялыларының жөн сілтеуімен алға жылжыды.

Үй тапсырмасы:

 

Осы тақырып бойынша  № 10 тест «зиялы» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.07 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 104

Похожие материалы