Урок казахский язык 4 класс
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Нургаламова Гульнар Абдахметовна
|
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ тілі
Ашық сабақ
Тақырыбы:Да (де) , та (те) шылаулары
Өткізген 4 «А» сынып жетекшісі:
Нұрғаламова Г.А.
Астана -2014
Сабақтың тақырыбы: Да (де) , та (те) шылаулары
Сабақтың мақсаты:
1. Да (де), та (те) шылаулары жатыс септік жалғауларына ұқсас келетіндігі, бұл шылаулардың бөлек жазылатындығы және өзі тіркескен сөзге күшейткіш үстеме мағына үстеп тұратындығын түсіндіру.
2. Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы да, де, та, те шылауларын шылау тұлғалас қосымшалардан ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, деңгейлік тапсырмаларды орындау, өзара білімдерін тексеру қабілеттерін арттыру.
3. Сабақ барысында еңбекқорлыққа, шығармашылық жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдіс- тәсілі: сұрақ жауап, кітаппен жұмыс, түсіндіру , иллюстрация- демонстрация, әңгімелеу, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: слайд, сурет, деңгейлік тапсырма, проектор
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Психологиялық икем
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз!
Жарқын күн, жарқын күн!
Біз сені сүйеміз!
Біз сенен сұраймыз!
Бер бізге жарқын күн,
Бейбіт күн жылуын.
Бер бізге жарқын күн,
Денсаулық, ізгілік.
ІІІ. Өткенді пысықтау
А)Үй тапсырмаларын тексеру осы жаттығуға байланысты
Шылау және мен ( бен, пен), және шылау туралы ережелерді еске түсіру.
Б) сурет арқылы сөз бен сөзді байланыстыратын шылауларды пайдаланып мысал құрастыру, қорытындылау.
ІV. Жаңа сабақ
Кестемен жұмыс
І.
А) Бірінші бағандағы сөйлемдерді оқыңдар, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратыңдар.
Б) Қарамен жазылған сөздер туралы не айтасыңдар?
Олар жатыс септігінің жалғауы.
ІІ.
А) Екінші бағандағы сөйлемдерді оқыңдар, ешқандай мағынасы жоқ, сұрақтарға жауап бере алмайтын сөздер бар ма?
Б) Ендеше олар не болады?
Олар шылаулар. Ол шылаулар алдындағы сөзге күшейткіш мағына үстеп түр.
Мына сөйлемдерді оқыңдар:
Үйірмеге Айдар да, Марат та қатысады.
Оның жасаған бұйымдары әдемі де сәнді.
Осыдан барып қандай қорытынды шығаруға болады:
Сабағымызды әрі қарай деңгейлік тапсырма орындай отырып жалғастырамыз.
Келесі кезең үш деңгейден тұрады. Тапсырмаларды толығымен орындап отырған оқушы тиісті ұпайларын алады. Ұпай сандары арқылы бүгінгі білімдерін бағаланады.
І деңгей
Кітаппен жұмыс
А) 2-жаттығу
Тапсырмасын оқу, орындау.
1-2 сөйлемді І қатар, 3-4 сөйлемді ІІ қатар, 5-6 сөйлемді ІІІ қатар орындайды, ережеге сүйене отырып түсіндіреді.
Ә) Нәзік сөзіне дыбыстық (фонетикалық) талдау
Ауызша талдау
Тексеру, бағалау парағына ұпай сандарын жазу
ІІ деңгей
А) 4- жаттығу, ауызша талдау сұрақтарға жауап беру.
Да (де) , та (те) шылауларын қатыстырып екі сөйлемнен құрастыру.
Ә) Домбырашылардың сөзіне сатылап кешенді талдау
• Түбір дегеніміз не?
• Қосымша дегеніміз не?Оның неше түрі болады?
• Жұрнақ дегеніміз не?
• Жалғау дегеніміз не? қандай түрлері болады ( көптік, септік, жіктік,тәуелдік)
Тексеру, бағалау парағына ұпай сандарын жазу
ІІІ деңгей
А) Мына берілген сөйлемді көшіріп, сөйлем мүшесіне талдау.
• Сөйлемде неше тыныс белгісі бар? (бір нүкте)
• Оның қойылу себебі неде? (ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр)
• Айтылу сазы мен мазмұнына қарай қандай сөйлем? (хабарлы сөйлем, ой баяндап жеткізіліп тұр)
• Құрылысына қарай қандай сөйлем? (жай сөйлем, жай сөйлемнің ішінде жайылма. Себебі, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар)
Тексеру, бағалау парағына ұпай сандарын жазу
V. Рефлексия
• Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
• Сөз таптарды пайдаланып, алған әсерлерінді білдіріңдер.
IV. Үйге тапсырма: 3-жаттығу, ережені жаттау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 509 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |