Урок на тема М.Өтемісұлы "Жалғыздық","Мен құстан туған құмаймын"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кайнарбаева Дамегул Собаловна
|
Мақсаты:
Білімділік:ақын өлеңдерін оқу,мәнін түсіну,идеясын, тақырыбын түсіну;
Тәрбиелік:бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру,поэзияны сүюге баулу;
Дамыту: Өлең оқу техникасына үйрету ,өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру.
Сабақ жабдығы.Махамбет шығармалары
Әдісі:сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу
Сабақ барысы: а) ұйымдастыру кезеңі
ә)Үй тапсырмасын сұрау
І.Махамбет Өтемісұлы кім?
Махамбет өлеңдері қазақ тарихындағы қандай оқиғаға арналған?
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі не туралы? «Мұнар күн» өлеңін ақын қандай қайғылы оқиғаға арнаған?
ІІ . Жаңа сабақты хабарлау ,мақсатын айту.
Өлеңді мәнерлеп оқу .Өлең не туралы екенін сұрау
«Мен - құстан туған құмаймын» өлеңінің лирикалық кейіпкері- жігері жасымаған жан.Ол өзін біресе «түбін кескен бәйтерекке». Біресе «қарақұстан туған қалықпанға»балайды.Әлі де қайрат жігері бар екенін халыққа бүкпессіз айтады.
«Жалғыздық» өлеңін ақын көтеріліс жалыны басылып ,өзі жалғыздықта ,қуғында жүргенде шығарған.Арманының орындалмайтынын сезген ақынның көңіл күйі оның жалғыздық жайлы заманы ,өмірде әділдіктің жоқтығы туралы ,күн мен ай дәулет хақында философиялық толғанысынан танылады. .
ІІІ. Өлеңді сатылай талдау
1. Тақырыбы:Ақын арманы
2. Идеясы:ерлікке ,адалдыққа үндейді
3.Көркемдігі:
Метафора
Риторикалық сұрау
Мен-құстан туған құмаймын
Мен-қарақұстан туған қалықпан
Мен-түбін кескен бәйтерек
Сауырыма қамшы тиген соң,
Шаппай неғып шыдаймын?
Көп соңыма түскендей,
Көптің несін алыппын?
.
4.Құрылысы: 17 тармақ,4 шумақ,2 бунақ, қара өлең ұйқасы
Мен/ –құстан туған құмаймын,/ 8а
Бір тұлпарға / жұбаймын./ 7а
Сауырыма / қамшы тиген соң,/ 9б
Шаппай/ неғып шыдаймын?/ 7а
ІV. Қорытынды .»Жалғыздық» өлеңінде ақын неліктен «заманым менің тар болды» дейд»? Ақын өзін неліктен жалғызсезінеді?
Махамбет өлеңдері қазақ тарихындағы қандай?
V.Бағалау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.65 Kb |
Количество скачиваний: | 45 |