Урок на тема С.Мұратбеков "Қылау"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Кайнарбаева Дамегул Собаловна
|
Сабақ тақырыбы: С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Мақсаты: а)білімділік:оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу,кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша білу; ә)дамытушылық:оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша тіл байлығын дамыту; б)тәрбиелік: кейіпкерлердің әрекеті арқылы адамгершілікке ,шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдісі: талдау,сто технологиясы
Көрнекілігі: презентация
1.Ұйымдастыру (оқушылар назарын сабаққа аудару)
2.Жаңа сабақ
Ой қозғау
-С.Мұратбеков туралы не білеміз? Қандай шығармаларын білесіңдер? «Қылау» деген не?
І .Өмірі,шығармашылығына шолу
«Қылау» әңгімесін оқыта үйрену әдісімен мазмұндату
1-топ-кіріспе, 2-топ-негізгі бөлім, 3-топ-қорытынды бөлім.
ІІ .Ширату сұрақтары:
1.-Таң азанғы әке дауысы Сатайды неге ызаландырды?
-Сендер де ересектердің ақылын солай қабылдайсыңдар ма?
-Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды?
-Сатайдың сезімталдығы мен жайдарлылығы,қайырымдылығы оның қандай әрекеттерінен байқалады?
-Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айқайға басуы оның батылдығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?
-Орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?
ІІІ. Деңгейлік тапсырма
1топ:композициялық құрылысына талдау
Басталуы: ұйқы құшағындағы Сатай
Байланысуы: әке тапсырмасы
Дамуы:Сатайдың Рәбиғаны кездестіруі
Шиеленісуі:балалар арасындағы әңгіме
Шарықтау шегі:Рәбиға үшін алаңдауы;Сатай қорқынышы.
Шешімі: Рәбиға сыйлығы
Түсінігі үстірт
мейірімді
қайырымды
Балаң мінезді
2-топ:мінездеме беру
Сатай
Аңғал
Мақтан сүймейді
сезімтал
жайдары
Рәбиға
білімді
ақылды
әдемі
ашық
ойлы
3-топ:семантикалық карта
Кейіпкер сөзі
Сатай
Рәбиға
Әкесі
-қайда барасың?
-мә,ішікті жамылып отыр,әбден тоңыпсың ғой?
-әй, ана қара ішікті киіп ал,тоңасың?
ІV .Талдау-табыс кілті .(әңгімеге сатылай талдау)
1.Әңгіме авторы:С.Мұратбеков «Қылау»
2.Тақырыбы:адамгершілік,сыйластық,адал достық
3.Идеясы:Сатай мен Рәбиға арқылы таза ,нәзік балаң сезімді,адал достықты, қайырымдылықты көрсету
4.тәрбиелік мәні:бір-бірімен адал дос болуға ,адамгершілікке үндейді.
V .Рөлдік ойындар әдісі(берілген диалогті сахналау)
-неғып жаяулап жүрсің,осындай суық күнде?
-үйге бара жатырмын.
-Бірлікке ме?
-Иә.Тастөбеде оқимын.Кеше басқа балалармен бірге қайтатын едім,ойын қоятын боп қалып қойдым.
-Не ойын? Концерт пе?
-Иә.Колхозшыларға концерт қойып бердік.
-Пьеса да әзірледіңдер ме?
-Жоқ.Пьеса таба алмадық.
-Бәлі,сол да сөз болып па екен? «Қыз Жібек», «Еңлік-Кебектерді» қоймайсыңдар ма?
-Директор ағай рұқсат етпейді.
-Ой,директорлардың айтқанын тыңдай берсең шаш шығармайды.
VІ. Қорытынды.Әңгімеден не түйдіңдер?
Жазушы болсаңдар ,әңгімені қалай аяқтар едіңдер?
-Әңгіме неге «Қылау» аталған?
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: «Мен достықты қалай түсінемін?»(ой толғау)
1.Достық ,қайырымдылық туралы хадистер жазып келу.
2.Көркемдігіне талдау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.85 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |