Урок на тему "Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін (Мұқағали оқулары )

Мақсаты: оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау; оқушылардың

                 шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын табиғи дарындарын

                 анықтау; поэзияға деген құштарлығын арттыру,өлең сөзінің құдіреті мен қуатын

                 жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

Көрнекілігі: Мұқағали шығармалары; презентация

М.Мақатаев оқуларына 5-10 –сынып оқушалары қатысады.

Кіріспе. «Есіңе мені алғайсың» (ақынның өз дауысы)

                                           Мүшәйраның шарттары

     М.Мақатев оқуларына қатысатын оқушының жан-жақты дарынды поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, өлеңді мәнерлеп оқи алатын,әрі ақындық талабы болу шарт.

     М.Мақатев оқуларына қатысушы үміткер ақиық ақын шығармашылығын жақсы білуі керек және кез келген өлеңін талдай алуы қажет.

     «Айтып өткен ақында арман бар ма?» айдарында- оқушы Мұқағалидың бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс-тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілік дәрежеде болуы тиіс.

    «Көкірегімде жыр сәулесі мазалайды...» айдарында-оқушы өз төл туындысын оқиды. Көркемдігі,ойлылығы оқу мәнеріне назар аударылады.

    «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа толық білуі керек.

    «Жырлайды жүрек» айдарында берілген дайын ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең туғызу.Ол ұтымды, жұрт көңілінен шығардай болғаны абзал.

    «Сыр сандықты ашып қара,

    «Ашып қара,сырласым» айдарында үміткер сандықтан шығатын Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады.Мұнда шешендігі, ой жүйелілігі,ұтымды жауабы ескеріледі.    

    «Мұқағали әлеміне саяхат» -сұрақ-жауап ойыны.Бұл  «ғасыр көшбасшысы» ойынындағы «Жорға» ойыны секілді, 2 минутта 20 сұрақтың қаншасына жауап берді, әрі оның қаншасы дұрыс екендігі ескеріледі.Әр дұрыс жауабы-1 ұпай.

     Әр айдарды қорғауға 3 минут беріледі.

         Әділ қазылар алқасы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері: Д.Қайнарбаева, Г.Мүрсәлім, Р.Өмірғалиева

 

     Қорытынды. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» айдарында 10-сынып оқушысы Досанова Меруерт ,Көкірегімде жыр сәулесі мазалайды» айдарында 10-сынып оқушысы Шүйшова Арайлым ,«Жыр эстафетасы» айдарында 7-сынып оқушысы Жексенбай Меруерт пен 5-сынып оқушысы Мукамеддинова Гүлдана ,«Мұқағали әлеміне саяхат» айдарында Жанжігітова Ақерке марапатталды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.29 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 97

Похожие материалы