Урок на тему "My pets" 1 класс
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Тусупханова Асия Машраповна
|
Сынып: 1
Сабақтың тақырыбы: Animals. My pet. Жануарлар. Менің үй жануарым.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Animals. My pet» тақырыбы б/ша жаңа лексикалық біліктермен ( a dog, a cat, a hamster, a parrot) таныстыру. «I have a cat» құрылымымен таныстыру. Түстерді білдіретін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Hh, Ii әріптермен танысу. Дұрыс дыбыстау дағдысын қалыптастыру [h], [ai], [d], [t].
Күтілетін нәтиже:
пәндік: қызықтыратын зат туралы ақпарат сұрау және оған сәйкес іс-әрекет жасау дағдысын қалыптастыру. Нһ, Іі әріптерінің дыбыстық бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру;
тұлғалық: жануарларға сүйіспеншілікті қалыптастыру және оларға қамқорлық танытуға баулу;
жүйелік-әрекеттік: сабақтағы диалог арқылы қарым-қатынас арқылы мұғалім мен сыныптастарының сөзін қабылдау және түсіну.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, ит, мысық, атжалман, тоты құс бейнеленген флэш-карталар;
Оқушылар үшін: оқулық, ЖД, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, қоршаған орта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті.
Good morning, good morning, good morning to you!
Good morning, good morning, I’m glad to see you!
T: How are you?
Cl: Fine, thanks.
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Бүгін сабақта біз ағылшын тілінде жануарлардың атауларын үйренеміз. Нһ, Іі әріптерімен және осы әріптерден басталатын сөздермен танысамыз.
ІІІ. Тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
-Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow –мен амандасыңдар. Cl.: Good morning, Mr. Wise Crow! Mr. Wise Crow: Hello, children! How are you?
- Балалар, сендер машина от алған кездегі дыбысты естідіңдер ме? Егер ол үлкен машина болса мынандай дыбыс естіледі: [d], [d], [d]. Кішкентай көлемді машина от алған кездегі дыбыс өзгеше: [t], [t], [t]. Енді осы дыбыстарды шапшаң дыбыстап көрейік. [d], [d], [d], [t], [t], [t].
. Енді көңілді ойын ойнап көрейік: Егер сөйлемнің ішінен [d] дыбысын естісеңдер, алақандарыңды 1 рет соғыңдар. Ал егер [t] дыбысын естісеңдер, алақандарыңды 2 рет соғыңдар.
М. түрлі сөздерді айтады, ал балалар болса алақандарын жоғарыдағы ойын шартына байланысты соғыңдар. Hamster, cat, kite, robot, doll.
IV. Жаңа материалмен жұмыс. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Learn the new words.
-Look at the picture and learn the new words.
М. оқушылар жаңа лексиканы жақсырақ меңгеруі үшін бір сөзді және/немесе фразаны бірнеше рет қайталай отырып, ағылшын тілінде жануарлардың атауларымен таныстырады.
М.:1. Look! It’s a dog. 2. Look! It’s a cat. 3. Look! It’s a hamster. 4. Look! It’s a parrot.
Оқушылардың түсінгенін немесе түсінбегенін тексеру үшін м. «Мұқият бол» деген ойынды ойнауды ұсынады. М. суреттегі жануарды көрсетіп, оның атын атайды. Егер дұрыс атаса, оқушылар келіседі: «Yes, it is»келіспесе: «No, it isn’t»- дейді.
2-ж. Listen and say.
Track 36
3-ж. Listen and sing.
Track 37
Hamsters and dogs,
Parrots and cats.
They are all our pets.
4-ж. Learn the new letters and new words. Listen.
Бүгін Mr. Wise Crow бізді әріптермен және дыбыстармен таныстырады. М. оқушыларға Нһ, Іі әріптерімен және осы әріптерден басталатын сөздермен таныстырады. О-лардың назарын Нһ әрпінен басталатын сөздер [h] дыбысымен айтылатынына аудару.: horse, hamster, have. Іі әрпінен басталатын сөздер [ai] дыбысымен айтылатынына назар аудару жөн. Ice-cream.
Track 38
Сергіту сәті. М. сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді.
Stand up, turn around.
Clap, clap and sit down.
Stand up, turn around.
Clap, clap and sit down
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.83 Kb |
Количество скачиваний: | 108 |