Урок по физике на тему "Насыщенный и ненасыщенный пар"(8 класс)

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Қаныққан және қанықпаған булар

Сабақ мақсаты: Қаныққан және қанықпаған булар процестерінің мағынасын ашу. Оқушылардың табиғатта болып жатқан құбылыстар туралы танымын кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

Қаныққан және қанықпаған бу туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге дағдыландыру.белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға, ұқсастықты қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, бағалау парағы, плакат

Сабақтың әдісі: диалог, топпен жұмыс, СТО (кроссворд), деңгейлі есептер.

Сабақтың барысы:

Сынып оқушылары қыздар және ұлдар тобы деп 2 топқа бөлінеді. Әр топтың эксперты сайланады. Өз тобындағы оқушылардың белсенділігін белгілеу үшін топтың экспертына жалпы бағалау парағы беріледі. Әр тапсырманың қорытындысын эксперт бағалау парағына жазып отырады.

р/с

Оқушының

аты-жөні

Тапсырмалар

Ұпай саны

Баға

«Бетпе-бет»

«Тақырып»

Сөзжұмбақ

«Жаңа сабақ»

«Жұмбақтас»

«Эстафета»

1

2

3

4

5

6

7

Бағалау критерийлері

«5»-30-35

«4»-20-29

«3»-10-19

«2»-0-9

Тапсырма№1 «Бетпе-бет»

(үй жұмысын тексеру, 2 топ бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды)

Тапсырма№2

Сөзжұмбақ «Тақырып»

(Осы сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыздың атын оқимыз)

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Суға тоймаған адамды қалай атаймыз?(қанықпаған)

2. Пішінін және көлемін сақтайды?(қатты)

3. Будың сұйыққа айналу құбылысы?(конденсация)

4. Балқу температурасы(-390C)-ға тең зат?(сынап)

5. Заттың қатты күйден сұйық күйге өту процесі?(балқу)

6. Су мұзға айналды қандай процесс жүріп өтті?(қатаю)

7. Дененің әр түрлі қызу дәрежесіне ие болатын қасиет? (температура)

8. Кебу мен қайнау?(булану)

Тапсырма№3«Жаңа сабақ»

Тапсырма№4 «Жұмбақтас» мағынаны тану

(Оқушылар жұмбақ шешеді)


1. Бірі құяды, бірі жұтады. (Жаңбыр мен жер)

2. Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (бұлт)

3. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (ауа)

4. Таңертен бар, кешке жоқ

Мен әдемі моншақпын

Ірі емеспін, ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас

Мендей мөлдір таба алмас(шық)

5. Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді, ұшып өлмейді. (бұлт)

6. Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (жел)

7. Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, бірақ сүртпейді. (жаңбыр)

8. Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бiрақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң-қорын тек,

Барша тiрлiк қурайды.(Су)

9. Суда батпайды, отта жанбайды. (мұз)

10. Су суда жүзіп жүр.(мұз)

11. Теңізде, өзенде өмір сүреді, бірақ көбінесе аспанда ұшады.

Ұшып жүріп шаршаса, жерге қайтадан келеді.(су)

12. Мен оны, ол мені туады.(су мен мұз)

13. Ілулі тұр, жарқырайды.

Қолға түссе ериді.()

14. Мүлгіп тұрған бақ тыныш

Ораныпты ақ күміс(қырау)

15. Таңертен жауын жауып өткендей шөпте қалған.(шық)


Тапсырма№5 «Эстафета»

(Тақтаға формуласы толық жазылмаған парақ ілінеді оқушылар кезек-кезек шығып толықтыру қажет. Тексеру қарсы топқа беріледі.)

Слад

Бағалау:Эксперттің бағалауы

Үй тапсырмасы:

Төмендегі формулаларды пайдалануға арналған есептер құрастыру:

1. Q =rm – қайнау кезінде;

2. Q =rm –конденсация кезінде;

3. m=Q/r.

Рефлексия

Алған білімімізді өмірмен байланыстыру үшін асханаға саяхатқа барамыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 620.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 94

Похожие материалы