Урок по географии на тему "Природные зоны Австралии" в 7 классе на казахском языке

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Урок на тему "Природные зоны Австралии" был проведен с применением стратегий критического мышления. Это 4-й урок. К нему также прилагается анализ на казахском языке:

Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету «Аустралияның табиғат зоналары» тақырыбына сабақ өткіздім. Психологиялық ахуалды жақсарту мақсатыңда «Аустралиялық жауын» атты сергіту өткіздім. Бұл сабаққа дайындау ретіңде өткіздім. Еркежан мен Талғат бір топта отырып қалды. Ал Маржан А.Балнұр мен отырды – 2 лидер 1 топта. Сабақ басында мақсатың оқушылар осы жолы жақсы анықтады. Барлық сұрақтарға жауап берді. Үйреніп қалды. «Миға шабу» кезеніңде оқушылар – Не білесің? Не білгің келеді? Не білдің? Не қызықты болды? – деген сұрақтарға жауап берді: 2 сұраққа-сабақ басында, 2 сұраққа- сабақтың аяғында. Бәріне топтық жұмыста суреттерді орналастыру өте ұнады. Еркежан білгім келген нәрсенің бәрін білдім деп жазыпты. Талғатқа сергіту сәті қызықты болды. Ал Ұланға ерекше назар аударғым келеді. Себебі жауаптары қызықты болды: Не білесің? Жануарлар туралы бәрін білем; Не білгің келеді? Осы жылы 21.12.12 жылы метеорит түскені туралы білгім келеді. Және маған бәрі қызықты болған үшін рақмет айтты. Ұлан 1-3 сабақтарда белсенділігің көрсеткен жоқ. Қабілеті төмен оқушы осы сабақта қызығушылығын көрсетіп, топта плакатты өзіне қаратып, суретті салды. Осымен мені таң қалтырды. Сонымен бірге 2-ші топтың жұмыс істегені ұнады – олар біріңші плакатқа не салатындарын анықтап алды, содан кейін суреттерді алып, орналастырды. Жобалары да қызықты, орынды болды. Маржан тағы бір белсенді, қабілетті оқушымен отырып қалды. Бірақ Маржан басты рөлде болып, басқалардың да пікірлерің тындап отырды. «Сәтті сапар!» атты туристік компанияның атауын да ол ұсынды. Басқа командалар ат қойған жоқ. Жұмысты қорғаған кезде, Маржан бастады, А.Балнұр аяқтады. Өздері рөлдерді бөліп алды. Бірінші топ қорғауға шыққан кезде, оларға, критерийде болса да, топтардың еш қайсысы да сұрақ қойған жоқ. Сондықтан мен айттым: «Осы командаға бір балл қосамын, өйткені ол топ сендерде ешқандай сұрақ туғызбады» - деп айттым. Осыдан кейін топтар көп сұрақ қоя бастады. Мұнда келесіде шектеу қою керек деп ойлаймын, әйтпесе уақыт жетпейді. 2 топ шыққанда (Еркежан мен Талғат отырған топ) О. Балнұр баяндады, Талғат пен Еркежан үндеген жоқ. Бірақ, сұрақ қойғанда, оның біріне Еркежан жауап берді. Еркежан белсенділік танытты, 4 топқа сұрақ қойды. Осымен мені қуантты. Талғат осы сабақта да еңжар, тұйық болды. Топтар арасында бағалаған кезде, ешкімге де жоғары балл қойылған жоқ. Менде неге солай деген сұрақ туды. Сондықтан келесіде неге осындай балл қойдыңдар деген сұрау керек деп ойлаймын. Бәріне де сабақ өте ұнады. Оқушылар күнде солай болса ғой деген пікір жазды. Сабаққа 6 мұғалім қатысты. Оларға жалпы ұнады. Бірақ ұнамаған сәттері де болды – ол уақыттың жетпей қалғаны, шу болғаны. Және қайта-қайта бір оқушылар ғана жауап бере – береді, деп әдіскер ескерту жасады. Келесіде осы мәселеге назар аудару қажет. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.93 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 108

Похожие материалы