Урок по информатике 6 кл: Интербелсенді тақтаның жұмыс үстелі және флипчарт

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мақсаты:

1)       Заман талабының жаңа құрылғылары «интербелсенді тақта және оның құралдары», «интербелсенді тақтаның жұмыс үстелі», «флипчарт» ұғымдарымен таныстыру, оның  мүмкіндіктеріне тоқталу арқылы, оқушылардың шығармашылық ізденістерін арттыру.

2)       Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

3)       Оқушылардың  ойлау, танымдылық қабілеттерін және компьютерлік іскерлігін, сауаттылығын дамыту.

 

Сабақтың типі:  Жаңа материалды меңгеру сабағы.

Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, баяндау, практикум, тест жұмысы.

Сабақтың көрнектілері: флипчарт, тест, карточкалар

Сабақтың құрал – жабдықтары:   интербелсенді тақта, компьютер, Activvote, сәулелік қылқалам, белсенді таяқша құралдары

 

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары 2 топқа бөлініп отырғызылады, әр топтан 1 бағалаушы сайланады.

- Балалар, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбымен таныспас бұрын, өткен тақырыптырға шолу жасайық.  Біз сіздермен өткен сабақта қандай тақырып өттік? Дұрыс, интербелсенді тақта. Тақтадан интербелсенді тақта туралы видеобейнені қойып, естеріне түсіру.

-                       Мен сіздерге үйге құрылғылар туралы қосымша мәлімент бергем, енді кәнеки кім айтып береді?

Оқушылардан үй жұмысын сұрау арқылы, өткен тақырыптарды қайталау. Білімдерін тексеру.

 

II. Жаңа сабақ. Ал енді балалар, біз интербелсенді тақтаның құралдарымен таныстық, қайталадық. Енді тақтамен жұмыс жасау үшін нені білу керек деп ойлайсындар? Не қажет?  

(Оқушылармен бірлесіп жаңа тақырыпты, мақсатын қою)

Осыдан кейін мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп, тақтаның мүмкіндіктерін көрсетеді.

 

III. Практикум

Ал енді балалар, интербелсенді тақтаның құралдарымен жұмыс жасап көрейік, ол үшін мен сіздерге өткен тақырыптардан тапсырмалар дайындадым, сол тапсырмаларды бірлесіп орындайық.

Оқушылар тақтаға кезек-кезекпен шығып, сәйкестіру тапсырмаларын орындайды.

 

IV. Сергіту сәті.

-                       Балалар, сіздер әр түрлі тапсырмалар орындадыңдар, енді шаршаған шығарсыңдар, кәнеки тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.

Мұғалім оқушылармен бірге сергіту сәтін жасайды, сергіту жаттығуы тақтада көрсетіледі.

 

V. Үйге тапсырма: Оқушыларға қосымша мәліметі бар карточкалар таратылады, содан қысқаша конспект жасап, оқушылар келесі сабаққа дайындалады.

Тақырыпты оқып, қысқаша жазып алу. "Интербелсенді тақта" атты тақырыпқа 10 тест сұрақтарын құрастыру

 

VІ. Сабақты бекіту. Сабақты бекіту үшін оқушыларға тест сұрақтары беріледі, активвоте құралы арқылы сұрақтарға жауап береді.

 

VІІ. Қорытындылау және бағалау. Сабақтың басында екі топтан бағалаушылар сайланған болатын, сол балаларға қорытынды баға қою үшін сөз беріледі.

Оқушылардан сабақта не ұнады? Не ұнаған жоқ? Не түсініксіз болды? деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.

 

Оқушылармен бірге қорытынды шығару.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 5.43 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 102

Похожие материалы