Урок по информатике на тему "Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац. Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру."

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Казахстан г.Кызылорда сш №267

учитель по информатике

Поурочный план по информатике 7-класс на тему " Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац. Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру"

Сыныбы:7 А

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац. Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру.

Сабақтыңмақсаты:Оқушылар WordPadбағдарламасымен жұмыс істеуді меңгереді. Қаріп.Абзац. Графиктікжәне мәтіндік ақпараттарды өңдеп аралас құжаттарды құруды үйренеді.

БілімділікWordPad мүмкіндіктерін пайдаланыппрезентация құрастыруды үйренеді.

Дамытушылық:Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және

шығармашылық қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік:Оқушыларды ақпараттықмәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға,уақытты тиімдіпайдалануғадағдыланыды.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Үй жұмысын тексеруЖаңа сабақ.БекітуБағалауҮйге тапсырма.1.Ұйымдастыру кезеңі – Сәлемдесу .Сыныпты сабаққа дайындау. 2.Үй жұмысын тексеруҚарапайым мәтіндік құжаттарды жасауғамүмкіндік беретін программа?WordPad мәтіндік редакторы WordPad мәтіндік редакторы Пуск-Все программы- Стандартные- WordPad WordPad мәтіндік редакторының терезесі неше элементтен тұрады?9 - құжат құру- Ашу(бар құжатты немесе үлгіні ашады) Қаріп - көшіру - қою, кірістіру ортасы бойынша тура келтіру. Центрлеу.Жаңа сабақ.


Мәтінді енгізу және редакциялау.

Мәтін пернетақтадан символдық түрде енгізіледі. Кейбір пернелердің қызметін қарастыралық.

Бас әріп салу үшін Shift пернесін басып тұрып қажетті әріпті салу керек.

Абзац соңында Enter пернесін басу керек. Мәтінді түгелдей бас әріптермен теру үшін Caps Lock пернесін басып бас әріптер режимін іске қосу керек. Қателеcкен жағдайда меңзердің сол жағындағы символды Backspace пернесімен өшіреді. Ал оң жағындағы символды Delete пернесімен өшіреді. Меңзерді мәтін ішінде меңзерді басқару пернелері көмегімен жылжытуға болады. Мәтіннің блогын жою үшін оны белгілеп алып, Delete пернесін басу керек. Қазақ, орыс және латын әріптерін енгізу режимдерін Shift +Alt пернелері комбинациясын қолданып өзгертуге болады. Цифрларды оң жақтағы цифрлық пернетақта көмегімен жазады. Оны Num Lock пернесін басып іске қосады. Ал меңзерді құжат бойымен жылжыту үшін меңзерді экранда басқару пернелері қолданылады.


Сонымен бірге мынадай пернелер комбинациясын қолдануға болады.

Пернелер
комбинациясы

Міндеті

­Ctrl+

Меңзерді бір абзацқа жоғары жылжытады

¯Ctrl+

Меңзерді бір абзацқа төмен жылжытады

¬Ctrl+

Меңзерді бір сөзге солға жылжытады

®Ctrl+

Меңзерді бір сөзге оңға жылжытады

Page Up

Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады

Page Down

Меңзерді бір бетке төмен жылжытады

Home

Меңзерді ағымдағы жолдың басына жылжытады

End

Меңзерді ағымдағы жолдың соңына жылжытады

Ctrl+Home

Меңзерді құжаттың басына жылжытады

Ctrl+End

Меңзерді құжаттың соңына жылжытады


Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға болады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 467.5 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 170

Похожие материалы