Урок по информатике «Сабақ Компьютер құрылғылары»
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Алимгереева Гулайым Есентаевна
|
Бұл материалда компьютер құрылғылары тақырыбында өткен ашық сабақ.
Компьютер құрылғылары тақырыбын қайталау мақсатында өткізілді. Алған білім, білік, дағдыларын бақылау, қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту, қолда бар ақпаратты пайдалану, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында болды. Сабақ 7 кезеңнен тұрады.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында тест жұмысы алынып, өз-өздерін бағалайды. Содан кейін компьютерде практикалық жұмыс жасайды «Кім жылдам» деген кезеңде үш тілде мәтін теріледі. Одан кейін «Ойланайық» кезеңінде әріптердің орны ауысып тұр соларды дұрыстап оқу керек. «Қызықты сөздер» кезеңінде берілген кестедегі үлгі бойынша информатикаға қатысты сөздерді табу.
«Ребусты шешу» ребусты шешкенде компьютер құрылғысының аты шығады. Содан кейін оқушыларға компьютерге байланысты қате мәтіндер таратылады. Сол бойынша дұрысын тауып, қандай қызмет атқаратындығын айту керек. Сөзжұмбақ шешу компьютер құрылғыларына байланысты. Ертегі құрастыру компьютер құрылғыларына байланысты.
Үйге тапсырма 1 шумақ 5 жолдан тұратын 5 шумақ өлең құрастырып келу. Оқушыларды сабаққа қатысу барысына байланысты бағалау. Сабақты қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылғылары.
Сабақтың мақсаты:
білімділік:
Сабақ түрі: білімді тексеру сабағы
Сабақтың әдісі: компьютерде, жұмыс дәптерлерінде қайталауға арналған жұмыстар жасату
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың құрылымы:
І. Үй тапсырмасын тексеру (тест) 7 мин
ІІ. «Кім жылдам» мәтін теру 7 мин
ІІІ. «Ойланайық» 3 мин
IV. «Қызықты сөздер» 3 мин
V. Ребусты шеш. 3 мин
VІ Мәтіндегі қатені тап. 3 мин
VІІ. Компьютер құрылғыларына ертегі құрастыру 10 мин
VІІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау. Үй тапсырмасы – 2 мин.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 151 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |