Урок по истории Казахстана на тему "Қазақстанда ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру" (9 класс)

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«1928 жылы қаңтар-ақпан айларында И.В.Сталин Сібір өңіріне сапарға шықты. Сол сапарында бірталай басшыны «кулакқа жұмсақсың», «ауқаттыға бүйрегің бұрады» деп орындарынан алып, партиядан шығарып қайтты. Сол-ақ екен, басшыларды орнынан алу жаппай індетке айналды. Орал өңірінің бір өзінде ғана 1928 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1157 адам қызметінен қуылды. Базар атаулылар жабылып, шаруаның үй-жайы, қора қопсысы тінтіліп, үйінен астық табылған кулак түгілі, орташа да сотқа тартылып, ауыл-селода аласапыран басталды. Ауыл-шаруашылығын ұжымдастыру идеясы мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру алдын ала даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе, әкімшілдік күштеу әдістермен жеделдете жүргізілді. Көшпелі ауылдарға ұжымдастыруды жеделдету жөнінде нұсқаулар түсіп жатты. Ұйымдастыру саясатына Созақтағы қарсылықтың ерекшелігі қалың бұқарасы ғана емес, сонымен бірге, кедейлер мен батырақтар да қатысты. Адай, Табын, Сарбаздар көтерілісі деген атпен белгілі біз атап кеткен Ырғыздағы, Қарақұмдағы, Торғайдағы және Батбаққарадағы қозғалыстары, Сарқанд, Балқаш, Шұбартау, Абралы көтерілістері, Голощекин арнайы төрт отряд жіберіп басқан, Сарысу мен Таластағы көтерілістер 1916 жылғы оқиғаны еріксіз еске түсіреді. Себебі, шектен шыққан қаныпезер де жүгенсіз қаталдық 1916 жылы көрген бұқараның тарапынан қарсылыққа, наразылыққа кездесуі әбден орынды болатын. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардың 5551 адамы сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда, күштеп ұйымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды. «Сол жылдары Голощекин қол қойған құжаттармен Қазақ өлкелік партия комитетінің шешімдерімен танысқан адам мынандай қорытындыға келері хақ: адам өлігі сасыған қазақ даласында адам тағдырынан мал тағдыры жоғары қойылды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 60.42 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 104

Похожие материалы