Урок по казахскому на тему "Ахмет Йассауи өмірі,шығармаларының зерттелуі"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы:    Қожа Ахмет Иассауи  өмірі,шығармаларының  зерттелуі.

Сабақтың мақсаты:  Қожа Ахмет Иассауи туралы мәлімет беру.Ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері туралы дүниетанымын кеңейту, сопылық әдебиетті түсіндіре отырып, философиялық ой-өрісін дамыту. Сопылық әдебиет арқылы рухани тазалыққа, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру.

Оқып-үйренудің негізгі идеясы:    XI-XII  ғасыр ғұламалары туралы кеңірек мағлұмат алады.

Түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дінінің ұштасуы.               

"Диуани хикмет" жырының тақырыптық-мазмұндық тұрғыдан талдау жасай алады.Топта бірлесе жұмыс жасай біледі, ұтқыр ой айтып, шығармашылық қабілетін дамытады.

Сабақ берудегі әдіс-тәсілдер:СТО стратегиялары:еркін жазу стратегиясы, жеке жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интертақта, слайд

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру            кезеңі.

(Амандасу, оқушыларды түгелдеу.,топқа бөлу) 2-минут    

-Мен бақытты баламын,

Жан  дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды  Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.(топтық жұмыс,постер қорғау.) 7-минут

Эпос  жыры

Лиро- эпос жыры

Күлтегін жыры

Оғызнама жыры

ІІІ.Жаңа сабақ.Сабақты мынандай дәйек  сөзді негізге ала отырып жүргіземіз: «Ең алдымен,өзіңді өзің таны!»-дейді грек ғалымы.

«Өзіңді танығаның-хақты танығаның»-дейді ұлы бабамыз Қожа Ахмет Иасауи. Хақ деп отырғаны-ақиқат,дүниенің мәні.  Демек,әрбір адам,ең алдымен ,өз елінің өткенін,тарихын,ата-бабаларын білуі керек.

      Біздің бүгінгі сабағымыз- ақын, ойшыл, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым,  Ахмет Иасауидің  өмірі және шығармаларының зерттелуі.

Иасауи-сопылық әдебиеттің өкілі.Ол бүкіл өмірін исламды уағыздауға,шәкірт тәрбиелеуге арнады. Ал 63жасында жер астынан 1кісілік жертөле қылует жасатып: «Мұхаммед пайғамбар жасынан асып кеттім,бұдан әрі өмір сүруім күпірлік болады»-деп, қалған өмірін сол жер астында өткізген,73жасында қайтыс болған. Ибраһим,Гауһар есімді ұл-қызы бар екен, ұлы жастай қайтыс болыпты. Екі ұстазы болған:Арыстан баб және Қожа Иусуф Хамадани. Екеуі де дүниеге қызықпайтын, дін тазалығын, адамдық жолын ұстаған кісілер еді.Қожа Ахмет Иасауи де өзіне осы жолды таңдады.Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты- Қарашаш.

«Диуани хикмет» («Даналық кітабы») кітабының тәрбиелік мәнін ашуға арналған іздендіру сабағы.  «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Яғни, Ахмет Иасауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің «Даналық кітабы» еңбегінде баян етеді. Түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы көшірмесі ғана. Диуан-жинақ, хикмет-алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді.Иасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады.

1. Сопылық ілімінің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы хикметтер жатады.

2. Ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары.

Сөздікпен жұмыс.

Диуан-жинақ, хикмет-алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді.

Сопылық-ислам дініндегі бір ағым,рухани тазалық арқылы Аллаға жақындай түсу жолын іздейтіндер.

Кітаппен жұмыс.  113 –бет 3-азат жол.

Бісміллә деп баян етіп хикмет айтып,

Тәліптерге дүрр уа гауһар шаштым,міне,-деген жолдарын оқу.

Йасауи сақтандырған 5нәрсемен таныстыра отырып,кімнің даналық ойымен сәйкес келетіндігін анықтау,кестені толтыру:

             Йасауи                                                 Абай

1.Алланың ақ жолын мойында

1.Өсек

2.Менмен,тәкәппар болма

2.өтірік

3.Арыңды сатпа

3.мақтаншақ

4.Арамдықтан аулақ бол.

4.еріншек.

5.Еріншек болма.

5.бекер мал шашпақ

 

 

 

Ендігі кезекте хикметтерінен  үзінділер оқып, негізгі ойын анықтап, өлең құрлысына талдау.    

Хикметтер

1.Даналардың айтқаны келер болды,

Қияметтің қияпаты төнер болды,

Ақымақтар айқаймен жеңер болды,

Бұл не деген замана болды достар.

2.Халайықтан мейірім мен рақым кетті,

Момынға телі-тентек зақым етті,

Тал түсте талапайда ақыл кетті,

Бұл не деген замана болды достар.

3.Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті,

Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,

Мінез-құлықты бұзатын әлек жетті,

Бұл не деген замана болды достар.

4.Азған заман ғалымы залым болар,

Қошаметшіл қулықпен мәлім болар,

Анығын айтқан адалдар жазым болар,

Бұл не деген замана болды, достар.

Шығармашылық жұмыс.

"Киелі сол екі су жағасына, Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейітін..."

эссе жазу.

Қорытынды. Тест сұрақтары.        

Бағалау.Бағалау бетшелерін толтыру.Өзін-өзі бағалайды,бірін-бір бағалайды.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.81 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 135

Похожие материалы