Урок по казахскому языку для 6 класса Туған жерімнің табиғаты.Етістік
Предмет:
Физкультура
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Осипова Мансия Умирбаевна
Здесь была ссылка на работу Урок по казахскому языку для 6 класса Туған жерімнің табиғаты.Етістік автора Осипова Мансия Умирбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Туған жерімнің табиғаты. Етістік Тақырыбы: «Туған жерімнің табиғаты » Грамматикалық тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаты: Білімділік: туған жердің табиғаты туралы білімдерін толықтыру,сауатты сөйлеуге дағдыландыру,бүгінгі өмір талабымен байланыстыру, етістікті қайталау; Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,сабаққа деген белсенділігін ,ойлау, сөйлеу,танымдық,ізденімпаздық қасиетін арттыру; Тәрбиелік : туған жерге деген сүйіспеншілікке,табиғатты қорғауға, Отанын құрметтеуге,сүюге баулу. Сабақтың типі: дәстүрлі емес сабақ Сабақтың түрі: қорытынды сабақ Сабақ әдісі: ізденіс,проблемалық,сұрақ-жауап,жеке,жұптық жұмыс,рөлдік ойындар Көрнекілік: Қазақстан Республикасы картасы,суреттер,слайдтар, кестелер, оқушылардың жеке жұмыстары Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,музыка,география,тарих Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі 2) Үй тапсырмасын тексеру 1.Жаңа сабақ: Балалар,бұл жол басы даналыққа, Келіңдер,байқап түсіп қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па? — деп ағартушы ғалым, қазақ зиялысы А.Байтұрсынов «Оқуға шақыру» өлеңімен балаларды оқуға тартып,білім нәрімен сусындауға шақырған болатын.Мен де бүгін өздеріңді сапалы білім,саналы тәрбие алуға шақырамын. - Сәлеметсіңдер ме,балалар!Ал бүгін кезекті қазақ тілі сабағымызды бастайық.Бүгін бізге қонаққа ұстаздарымыз келіп отыр. Бұрылып амандасайық. Сондықтан өздеріңнен қысылмай,білімдеріңді көрсетулеріңді сұраймын. 2. «Жүрек жылуы» тренингі Армысың,шапағатты күніміз, Армысың,мейірімді күніміз, Армысың,ұлы Отан –анамыз, Келді Сізге өзіңіздің балаңыз. – Мен сізге сәттілік тілеймін. – Мен сізге әдептілік тілеймін. – Мен сізге адалдық тілеймін. – Мен сізге инабаттылық тілеймін. – Мен сізге сыйластық тілеймін. – Мен сізге денсаулық тілеймін. – Мен сізге сыпайылық тілеймін.