Урок по казахскому языку "Мәтін құрауда сөз таңдау" 9-класс

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы:. Мәтін құрауда сөз таңдау

Мақсаты: а)Мәтінді талдап, негізгі ойды ашу. ә) Мәтінге талдау жұмыстарын жасау  арқылы  ойлау қабілеттерін арттырып, сөйлеу тілдерін дамыту. б) Отансүйгіштілікке, ұлтжандылыққа, намысшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту әдісі (сұрақ, талдау жұмысы)

Көрнекілік: мәтін

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Амандасып, сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа бет бұрыс алу

ІІ Жаңа сабақ

        Мәтін құрып, сөйлеу үстінде кісі сөзді өзінің тілдесу мақсатына сай таңдап, талғап қатыстыру бағытында әрекет етеді. Адамдар көбіне синоним сөздерді таңдағанда, лебізге дөп келетін сөзді таңдайды. Кейде бөтен сөздің мағыналық сипатын талғап, лебізге лайық мағынаға келтіріп пайдаланады.

12- жаттығу  Мәтінді оқу

 Тапсырмалар орындау.

1-оқушылық деңгей. 3 топқа 3 түрлі мәтін таратып беру, желтоқсан оқиғасына байланысты. Мәтінді оқып танысады.

1 топ  Бұл мақаланың авторы «оқиға өздігінен пайда бола салмаған» деп қорыта келе ҚазМУ-дің заң факультетінің студенті Ескендір Ғайыповтың айтқан сөздерін көлденең тартады:

 «Кеше кешке және бүгін күндіз Алматыда ұлтшыл элементтердің  азғыруына бой алдырған бір топ студенттер Қазақстан Компартиясы Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақтың бойжеткенін милиция мен әскерилер ұстап әкетіп барады.

 Орталық комитетінің соңғы пленумының шешімін қолдамайтындарын білдіріп көшеге шықты. Қалыптасқан жағдайды бұзақылар, арамтамақтар мен өзге де жат пиғылды адамдар пайдаланып, тәртіп сақтау органдарының өкілдеріне  қарсы заңсыз әрекеттер жасады, азық-түлік дүкендері мен көліктерді өртеп, қала тұрғындарының ар-ожданын қорлайтын іс-қимылдарға барды», – дейді «Алматыдан хабар» деп аталатын ТАСС-тың шағын ақпараты.

 2 топ  «Республикада жүзден астам ұлттар мен халықтар тұратынына қарамастан Қазақстан астанасындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарда оқитын студенттердің басым көпшілігі байырғы ұлт өкілдері екендігіне назар аударылмады. Студенттердің жатақханаларда ұлттық белгілеріне орай орналасуына ұсақ-түйек нәрседей қарады».

3 топ  «17 желтоқсаннның түнінде біз университеттің студенттер қалашығында кезекшілік еттік. Сөйтіп тұрғанда курстасымыз жүгіріп келді де: «Ана жаққа біреулер машинамен келіп, екі жатақханаға кіріп шықты, жігіттерді ұлт мәселесін көтеріп, алаңға шығуға шақырып жатыр» деді. Расында, қарасақ бір ақ «Волга» тұр екен. Нөмірі - жекеменшік, ішінен түскен адамдар жатақханаға қарай беттеп барады. Бірақ біздің жеңіміздегі кезекшілік белгіні көрісімен дереу кері бұрылды да, көліктеріне мініп кетіп қалды».

2-алгоритмдік  деңгей.   Әр топ өз мәтіндерінің ішінен  зат есім, сын есім, етістіктерді табады

сөйлемге синтаксистік талдау,

 сөйлемге морфологиялық талдау жасау.

 3 - қосымша  деңгей  тақтада орындау

 1-топ.  «Желтоқсан»

2- топ. «Тәуелсіздік»

 3-топ. «Егеменді»

фонетикалық талдау жасау.

3-оқушы тақтада орындайды қалған оқушылар «Желтоқсан» сөзіне фонологиялық талдау жасау.

1.Желтоқсан – аралас буынды біріккен түбір

2.3 буын бар. Жел- тоқ- сан 3-і де бітеу буын.

3. 3 жағдайда тасымалданады.     Жел-  тоқ-сан.

4.Екпін соңғы  «а» дыбысына түседі.

5.Буын үндестігі аралас буынды, өйткені біріккен түбір.

6.Дыбыс үндестігі «қ» қатаң, қосымшаны да қатаң «с» дан қабылдайды.

шығармашылық деңгей.

а) «Желтоқсан – ел есінде қалатын зор оқиға» тақырыбына ойтолғау жазу.

Сабақты бекіту.

Қайраттың бойынан қандай ерлікті көрдік?

Жастардың алаңға шыққаны дұрыс па?

Қайраттың    «Еркек тоқты – құрбандық

 Атам десең атыңдар !» - деген сөзінен нені көруге болады?

Жастардың көтеріліске шыққаны дұрыс па, қалай ойлайсыңдар? -дей келе сендердің бойларыңда да әрқашанда ерлік қасиет, ұлттық намыс болсын.

Үйге тапсырма алу. «Желтоқсан болмағанда бүгінгі тәуелсіздік болар ма еді?» ойтолғау жазу.

Бағалау. Сабаққа қатысып, тапсырмаларды орындаған оқушыларды бағалау.

 

 

Тип материала: Неизвестен (png)
Размер: 1.73 Mb
Количество скачиваний: 53
Просмотров: 309

Похожие материалы