Урок по математике "Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу"(5 класс)

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,

1. осы тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алу,ондық бөлшектерді бөлу тақырыбын тиянақтау;

2.Ұйымшылдыққа,бірлікке,достыққа тәрбиелеу.

3.Ондық бөлшектерді бөлудің әртүрлі жағдайын дамыта оқыту ,өз бетінше жұмыс жасауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнына қатысты суреттер, тірек сызба тапсырмалар.

Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.

Сабақтың түрі: білім бекіту сабағы

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: І. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

Қызығушылығын ояту.

«КЕНГУРУ»

1-тапсырма. Алма жеміс қосылып дайындалған балмұздақты жақсы көреді. Кафеде мынатүрлері бар екен:

Жаңғақ қосылган пломбир;

Банан қосылған пломбир;

Қарақат қосылған пломбир;

Қарақат қосылған шокаладты балмұздақ;

Құлпынай қосылған шокаладты балмұздақ;

Төрт түрінде Алмаға не балмұздақты өзі, не қоспасы ұнамады, ал біреуінің өзі де,қоспасы да ұнамады. Ол осы тағамдардан өз талғамы бойынша балмұздақ дайындапберуді сұрады. Алма қандай балмұздақты және қандай жемісті жақсы көреді?

(Оқушылармен бірлесе отырып шешу)

1.Біз бұдан бұрын натурал сандарды бөлуді үйренгенбіз. Енді ондық бөлшекті натурал санға бөлу қарастырайық.

Есеп.Периметрі 12,8 дм квадраттың қабырғасының ұзындығын табыңдар.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 149.01 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 122

Похожие материалы