Урок (Сөз таптары 2-класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдері кеңейеді. Ойлау қабілеті, сөздік қоры дамиды, өз бетінше жаттығулар орындауға машықтанады. Өзгенің ойын тыңдап, пікірін бағалауға, топпен және жеке жұмыс істеуге дағдыланады, көркем әрі сауатты жазуға машықтанады,. Сабақтың көрнекілігі: маркер, ақпарақ, интербелсенді тақта, ертегі мазмұнына сай суреттер слайдпен жасалған. Типі: жаңа сабақты меңгерту. Түрі: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыта оқыту. Сабақтың барысы: 1. Қызығушылықты ояту.   І. Топқа бөлу. Сыныптағы оқушылар «Зат есім», «Сын есім», «Сан есім», «Етістік» болып  төрт топқа бөлініп отырады. Сергіту сәті ІІ. Тренинг. Интерактивті тақтада музыкамен би қимылдары көрсетіліп тұрады, балалар сол қимылдарды қайталайды. ІІІ. Өткенді қайталау. «Ыстық орындық»  стратегиясы.   Оқушылар өткен сабаққа байланысты  бір-бір сұрақтан параққа жазып қобдишаға салады. Жеребе бойынша 1 оқушы ортадаға орындыққа келіп отырады. Қобдишаға салынған сұрақты таңдау арқылы сол сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса келесі оқушы алмастырады. Жауап бере алмаған оқушы «Ыстық орындықта» күйіп кетті деген сөз. Осылайша бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын тексеру. ІҮ. «Миға шабуыл» стратегиясы.  Оқушыларға бүгінгі сабақ ерекше өтетіні айтылады.  Слайд арқылы жасалған «Шалқан» ертегісінің  кейіпкерлері бойынша «Шалқан ертегісінің» мазмұнын бір оқушыға айтқызамын. Бүгінгі ертегіміз сәл өзгешелеу болады. Атамыз шалқанды жұлуға барса, шалқанға тіл бітіп, былай деп сөйлепті. - Сен мені оңайлықпен жұла алмайсың, егер мені тез арада көп күш жұмсамай жұлып алғың келсе, онда менің тапсырмаларымды орындайсың, содан кейін мен сенімен өзім-ақ  еріп  бараймын, деп атайға тапсырмалар беріп жіберіпті. Атамыз үйіне келіп қасына, кемпірін, немересін шақырып алып ақылдасыпты, шалқанның берген тапсырмасын өз беттерінше шешуге тырысыпты, бірақта шеше алмапты. Осылайша олар, сендерден көмек сұрапты. Ал, балалар, не істейміз көмектесеміз бе? - Әрине, көмектесеміз. Ү. «Автор орындығы» стратегиясы. Шалқанның тапсырмасын қай топ бұрын орындады, сол топтан бір оқушы ортаға шығып орындыққа отырып, өздерінің  параққа жазғандарын оқып шығады. Қалған оқушылар тыңдап отырады. Шалқанның 1-тапсырмасы:  Берілген сөз таптарын әр топ өз топтарыңда топтастырсын, -деп сендерге сөз таптарын беріп жіберіпті. Әр топ өздеріне берілген сөз таптарын топтастырып, ортада қорғайды. Шалқанның 2-тапсырмасы:  оқулықтағы 2 -  жаттығуды орындау. Мұнда көп нүктенің орнына мамандықты білдіретін сөздерді  жазады. Ол үшін не? деген сұраққа жауап беретін сөздердің мағынасына сүйенеді. Машина-жүргізуші, қой- қойшы, ұшақ- ұшқыш, көмір-шахтер, қылқалам-суретші, кітап-кітапханашы. Осы сөздердің ішінен бірнеше сөзді қатыстырып сөйлем құрайды. Шалқанның 3-тапсырмасы:  Тақтада орындайды. Қима қағазға жазылған  сөздерді оқып, олардың қай сөз табына жататынын талдайды. Сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазады. Шалқанның 4-тапсырмасы:  Оқулықтағы  3-жаттығу.  Сөзжұмбақты шешеді. Не істеді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді суреттен тауып жазады. Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.     с е к і р д і   і ш т і         ж ү г і р д і       п і с і р д і   т е п т і         і л д і               к и д і   ҮІ. Ой толғау:  - Осымен, балалар Шалқанның берген барлық тапсырмасын ойдағыдай орындадық. Аталарың сендерге рахмет айтып, өзінің соңғы тапсырмасын беріпті. Бұл атаның тапсырмасы екен. «Тақырыптық түйінді сөздер» стратегиясы. «Сөздер банкісі» бағанына оқушыны шатастыру үшін бүгінгі тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастыру.  Оқушылар осы сөздерден бүгінгі тақырыпқа қатыстысын іріктеп «Зат есім», «Сын есім» бағандарына орналастырады. Аққу, ақшыл, тарақ, есік, шашты, күлгін, кетті, көк, жасыл, таңба, қалт-құлт, дәптер, ақ, кесе, қызыл, тәтті, бор, оқыды, ұшты, бес, ащы, он, төрт, тұщы. ҮІІ. Үйге тапсырма.  5-жаттығу. Сурет орнына заттың атын қойып, сұрақтарды толықтырады. Сұрақтарға жауап жазады. Әсетте үш дәптер бар. Ыдыста төрт гүл тұр. Сара қоянға екі сәбіз берді. ҮІІІ. Бағалау: Топбасшылары бағалайды. ІХ. Кері байланыс: Оқушылардың көңіл күйлерін анықтау. Бүгінгі сабаққа байланысты көңіл күйлерін стикерге жаза отырып тақтадағы плакатқа ілу арқылы білдіреді.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.7 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 112

Похожие материалы