"Видео ақпаратты өңдеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі."(9 сынып)
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Аманжолова Айгүл Нураковна
|
Информатика пәні мұғалім: Үсенова Г.Б
Сабақтың тақырыбы: Видео ақпаратты өңдеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі.
Cабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Windows Movie Maker бағдарламасы, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтері туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Windows Movie Maker бағдарламасы, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтері туралы толық мағлұмат бере отырып оқушылардың ой-өрісін, білім-білік дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Практикалық жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма
І. Өткен материалдар бойынша сұрақтар:
1. Деректер қоры дегеніміз не?
2. Деректер типтері?
3. Кесте дегеніміз не?
4. Кесте құру түрлері?
5. Сұрыптау дегеніміз не?
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Windows Movie Maker – дыбыс (аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама.
Windows Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейне жазбалары арқылы фильм құруға болады.
Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио және бейне материалдарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым және эффектілерді қолданып дайын фильм құра аламыз.
Құрылған фильмді компьютерге немесе басқа да тасымалдау құрылғыларына сақтап, басқа қолданушыларға көрсетуге, электронды поштамен жіберуге және де Интернетке қосуға, егер компьютерде сандық бейнекамера қосылған болса, онда фильмді таспаға жазу арқылы оны телевизорда немесе сандық бейнекамерадан көруге болады.
Windows Movie Maker интерфейсінде «жинақ», «жоба», «фильм», «кадр», «клип», «монтаж» т.б. терминдерді кездестіреміз.
Жинақ. Windows Movie Maker бағдарламасының жинағы импортталған немесе жазылған аудиоклиптер, бейнеклиптер немесе кескіндерден (изображения) тұрады. Жинақ Windows Movie Maker бағдарламасының «Жинақ (Сборники)» панелінде орналасқан.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 524.5 Kb |
Количество скачиваний: | 674 |