Материал Виет теоремасына есептер шығару автора Серікбаева Жаннат Бекешқызы временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сабақтың тақырыбы: Виет теоремасына есептер шығару Сабақтың мақсаты: Оқушыларды квадрат теңдеуді шешуде Виет теоремасын пайдалануға дағдыландыру. Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, алған білімдерін практикада қолдана білуге қалыптастыру. Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға дағдыландыру. Сабақтың типі: Бекіту сабағы. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер. Сабақтың ұстанымы: «Естігенімді ұмытып қаламын, көргенімді есімде сақтаймын, істегенімді түсінемін». Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Үй жұмысын тексеру. 3. Өткен тақырыпты қайталау. Оқушыларға қойылатын сұрақтар: 1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады? 2. Квадрат теңдеудің неше түрі бар? 3. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не? 4. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не? 5. болғанда неше түбірлері бар? 6. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын жазыңдар. 7. Виет теоремасын тұжырымдаңдар. Тест тапсырмалары. 1. Түбірлері 2 мен 5 болатын квадрат теңдеуді құрындар: А. Х 2-7+10 В. Х 2+7+1 С х2-7-10 2. х 2 +21х+54= 0 теңдеуінің бір түбірі 3 –ке тең, екінші түбірін табыңдар. А. х2 =18 В. х 2= -18 С. х 2= 54 3. Іріктеп алу арқылы х 2 -8х -9= 0 теңдеуінің түбірлерін табыңдар. А. х1 = 9 х 2=1 В. х1 = -8 х2= 9 С. х1 = 9 х 2= -1 4. х 2+6-7 = 0 теңдеуінің коэффиценттері мен бос мүшесін атандар. А. а =0, в =0, с =-7 В. а= 1, в =0, с =1 С. а= 1, в =6, с= -7 5. Теңдеуді ах 2+вх+с түрінде жазыңдар. х(2х-3) = 5-4х А. 2х 2+х -5 В. 2х 2-2х+5 С. 2х 2-7х-5 Сабақты қортындылау. Келтірілген квадрат теңдеудің формуласын жазыңдар. Толымсыз квадрат теңдеудің формуласын жазыңдар. Түбірлерінің қосындысы мен түбірлерінің көбейтіндісінің формуласын жазыңдар. Үйге тапсырма беру. 153,155 есептер Оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланады