Внеклассное мероприятие по математике "Математика әлемінде"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Зиядинова Карлыгаш Жаскайраткызы
|
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру, алған білімін арттыру. Оқушыларды ұжымдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер қызықты, жұмбақты математика әлемімен таңысасыңдар. «Математика әлемі» қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігене көз жеткізесіңдер. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста 5 сыныптар арасында 6 оқушыдан қатысады. Ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып қайтуларыңызға тілектеспіз.
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың,
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен, қаталдансың.
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән- математика атанғансың!
Кеш барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділ- қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сендер көріңдер
Әділ-қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер деп математикалық кешімізді ашайық.
I қезең Таныстыру
Ортаға сайыскер топтарымызды шақырайық. Топтың атымен ұранын айтады.
II кезең Көңілді сұрақтар
10. Бір жанұяда екі әкесі, екі баласы. Барлығы нешеу? (үшеу: атасы, әкесі, баласы)
20. Бір жанұяда 5 ұл бар, олардың әрқайсының қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар?(алты)
30. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. 5 жұмыртқа неше минутта піседі?(төрт)
10. Тәулік қай кезде қысқарақ, қыста ма әлде жазда ма?(бірдей)
20. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша?(3 кг)
30. Үстел мен креслоның арақашықтығы -3 метр. Егер үстелді де, креслоны да 2 м оңға жылжытса, олардың арақашықтығы неше метр болады? (3 метр)
10. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады, әрбір адам неше сағаттан шахмат ойнады?(төрт)
20. Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер?(69,619,88)
30. Егер 6000кг алманы 3кг-дық пакеттерге орау керек болса, қанша пакет қажет?(2000)
Ана тілін –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте»,- дей келе сайысымыздың
II кезеңі «Тіл- өнер» сайысын бастаймыз. Бұл сайыста сайыскерлерімізге жұмбақ, мақал-мәтелдерден немесе логикалық есептерден сөз жасырылады. Жауабын үш тілде жауап беру керек. Жауабын дұрыс тауып үш тілге дұрыс аударса: 30 ұпай, ал екі тілдегі аудармаға 20 ұпай, ал аударма жоқ болса
10 ұпайға ие боласыңдар.
III кезең Ғажайып геометрия
а) Сағаттың циферблатын оның барлық бөлігіндегі сандардың қосындысы тең болатындай алты бөлікке бөл.
11 12 1
10 2
9 3
8 5 4
Ә) Құпиялы фигуралар. Бос клеткаларды толтыр
IV кезең Құпия
Сиқырлы шаршы- горизонталь, вертикаль және диагональ қатарлардың қосындысы тең. Бірде-бір қайталанбауы керек. Бос торкөздерді толтыр:
V кезең.Математика мақал-мәтелдерде
Бұл сайыста сайыскерлеріміз берілген мақал-мәтелдері аяқтау.
VI кезең Математикалық терминдер
Ал халайық, мұнда біраз қараңдар,
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Алфавиттен беріледі бір әріп,
Математикалық терминдерді құраңдар.
«П» әрпінен келетін математикалық терминдерді топтарға жазу керек.
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ сына
Еңбегін жас математиктердің әділ сына,- демекші, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі. Әділ қазылар өз қорытындыларын, жеңімпаздарды анықтап, оларды құттықтайды.
Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,
Жанкүйерлермен ойындар
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары. (алты, шесть,six)
Төрт аю, бір арыстан
.
Математика ақыл-ойды тәртіпке келтіретін пән дей отырып, зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 66 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |