Внеклассный урок по информатике 6кл

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Информатика білімпаздары»интелектуалдық сайысы

Жүргізуші 1:

Информатика әлемі,

Неткен ғажап әсерлі.

Шыққан сонау ертеден,

Орын алды көңілден

Интернетте құстай ұшып самғаймыз,

Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.

Технология дамып жатыр күнбе-күн,

Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!

Осылайша сайысымызды бастаймыз!

Жүргізуші 2: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Информатика білімпаздары» интелектуалдықсайысына қош келдіңіздер! 6 сыныптар арасында өтетін сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

Әділқазы, алқасына бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімімен өнеріне әділ баға берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

 Жүргізуші 1: Сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.      МИФ әдістемелік бірлестігінің жетекшісі – Алькеева Зарукеш Букуровна

2.      Информатика пәнінің мұғалімі – Абылгазина Эльмира Турагуловна

Жүргізуші 2: Бүгінгі сайысымызбен таныстырып өтетін болсақ, сайысқа екі топ қатысады. Сайыс мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

1-бөлім Таныстыру
2-бөлім Кім көп біледі?

3-бөлім «Мақал – сөз мәйегі»
4-бөлім «Қас-қағым сәт»
5-бөлім Топ басшылар сайысы

6-бөлім Бәрін білгім келеді

7-бөлім «Лингвист» сайысы

8-бөлім «Қошемет» сайысы

9- бөлім Қорытынды

Жүргізуші 1:

Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
 Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортағa.

Жүргізуші 2:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды, білімді жас талантқа,-дей отырып,

ойынымыздың «Таныстыру» бөлімін бастаймыз. 1-бөлім Таныстыру.Әр топ басшысы өз тобын таныстырады. Ұпайды әділқазылар алқасы қояды.

Жүргізуші 1:

Білімді көрсететін кезең келді

Шәкірттердің білгірі жеңсін енді

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді – деп сайысымыздың «Кім көп біледі?» атты келесі бөліміне өтейік.

Бұл бөлімнің шарты оқушылардың теориялық білімдерін тексеру. Топтарға сұрақтар беріледі, кезек-кезекпен жауап беру керек, жауап берілмесе келесі топ бере алады. Барлығы 20 cұрақ, топтарға 10 сұрақтан беріледі, әр сұрақ 1 баллмен есептеледі.

Жүргізуші 2: 6ә сынып оқушыларынан бастайық.

1)                 Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен ата: (бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт)

2)                 Paint графикалық редакторы не үшін арналған және оны қалай іске қосамыз? (Іске қосу -бағдарламалар -стандартты -Paint)

3)                 Информатика кабинетінде жүріп-тұру ережесі қалай аталады? (Техника қауіпсіздік ережесі)

4)                 Операциялық жүйе дегеніміз не?(Компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын программа)

5)                 Пернетақтадағы F1-ден F12-ге дейінгі пернелер комбинациясықалай аталады? (функционалдық пернелер тобы)

6)      Шығару құрылғыларын ата (принтер, дисплей)

7)      Енгізу құрылғыларын ата (тышқан, пернетақта, сканер)

8)      CD-дисктің DVD-дисктен айырмашылығы қандай? (көлемдерінде)

9)      Пернетақта пернелері неше бөліктен тұрады және қалай аталады?

(4 бөлік: функционалды, символды, басқару және сандық)

10)  Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (процессор)

 

Жүргізуші 1: 6а сынып оқушыларына арналған сұрақтар.

1)      Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

2)      Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә-ні қолдап қайталайтын береген (пернетақта)

3)      Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)

4)      Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай деп аталады? (микрафон)

5)      Қағазға тоймайтын мешкей (принтер)

6)      Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

7)      Компьютердің «миы»? (процессор)

8)      Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)

9)      Көп пернелі құрылғы (пернетақта)

10)  Принтердің неше түрі бар? (3)

Жүргізуші 2:

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды

Ой түйіндеп, жетелейді барлығын

Әлі ашылар құпиялар сан-сан қырлы- дей отыра

ойынымызды жалғастырамыз, келесі кезеңіміз  «Мақал – сөз мәйегі» деп аталады.

Жүргізуші 1: Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Жауап нақты, тез болу керек. Қай сайыскер топ белгіні бірінші көтереді,сол бірінші жауап береді. 10 ұпайдан есептеледі.

Жүргізуші 2. 1 мақал: Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)

Жүргізуші 1. 2 мақал: Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)

Жүргізуші 2. 3 мақал: Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

Жүргізуші 1. 4 мақал: Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)

Жүргізуші 2. 5 мақал: Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса. (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

Жүргізуші 1. 6 мақал: Білмесең, «анықтама»-дан сұра. (Білмесең білгеннен сұра)

Жүргізуші 2. 7 мақал: Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы. (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

Жүргізуші 1. 8 мақал: Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)

Жүргізуші 2. 9 мақал: Күлсең ескірген компьютерлерге күл. (Күлсең кәріге күл)

Жүргізуші 1. 10 мақал: Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады. (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

 

 

Жүргізуші 2.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Қас-қағым сәт» бөліміне де келіп жеттік .

Жүргізуші 1. 4-бөлім «Қас-қағым сәт» деп аталады. Оқылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек. 1 ұпайдан есептеледі.

1-топ

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

2. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

3. Сурет салуға арналған программа (Paint)

4. Вирусты тауып жоятын бағдарлама (Антивирус)

5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (Калькулятор)

6. Бір байтта қанша бит бар? (8)

7.Компакт-дискіні оқуға арналған құрылғы (CD-ROM)

8. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)

9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс желісі (интернет)

10.  Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет)

 Жүргізуші 2.

2-топ

1. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

2. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)

3. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)

4.  Windows сөзінің аудармасы (терезе)

5. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)

6. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы)

7.Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)

8. Пернетақта қандай құрылғы (мәліметтерді енгізу құрылғысы)

9. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)

10. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)

Жүргізуші 1:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, – дей отырып,

ойынымыздың "Топ басшылар сайысыдеп аталатын бөлімін бастаймыз. Жоғарғы ұпай-10 ұпай.

Жүргізуші 2. Келесі «Топ басшылар» сайысы.Ортаға топ басшыларын шақырамыз.

Интербелсенді тақтада техникалық диктант беріледі, сол диктантқа анықтамалар мен атауларын сәйкестіру.

 

Жүргізуші 2: Өте жақсы, топ басшылары өз жұмыстарын аяқтады, сіздерге рахмет айтамыз, орындарыңызға өтіңіздер.

Жүргізуші 1:

«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектен, жалықпау»- дей отырып,

ойынымыздың Бәрін білгім келеді бөліміне өтейік. Әрбір топ монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет. Жауап дұрыс болса, сол ұпай топ есебіне жазылады.

Жүргізуші 2: 6-бөлім Бәрін білгім келеді деп аталады. Тақтада ұяшықтар орналасқан, біреуін таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.

10 ұпай. Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады, өңдейді)

20ұпай. Кµне заманда есептеуіш қ±рал ретінде нені қолданды?

30ұпай. Есепшот қалай пайда болды, шыѓу тарихы?

Жүргізуші 1:

10 ұпай. Компьютердің негізгі құрылғылары(пернетақта, монитор, жүйелік блок)

20 ұпай. Ақпараттық процестерді ата (ақпаратты алу, беру, сақтау және өңдеу)

30 ұпай. Джон Непер мен Лейбництіњ қандай ењбектері бар?

 

Жүргізуші 2:

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына, – деп келесі «Лингвист»  сайысына көшейік.

Жүргізуші 1:Бұл сайыста топтарға «Информатика» сөзі беріледі. Осы сөзден әр түрлі сөздер шығару. Бір сөзге 5 ұпайдан беріледі.

Жүргізуші 2: жақсы, бұл сайыстың нәтижесін әділ-қазылар шығарады, ал қазір біз сайысымыздың соңғы кезеңіне өтейік.Бұл кезең «Ойлан, тап!» деп аталады.

Жүргізуші 1:

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды

Ой түйіндеп, жетелейді барлығын

Әлі ашылар құпиялар сан-сан қырлы- дей отыра келесі кезеңге өтейік. Мұнда топтарға сәйкестіру тапсырмалары беріледі.

Жүргізуші 2: Ойынымызды жалғастырамыз, келесі кезеңіміз «Қошемет» деп аталады. Бұл кезеңінде топтар 5 минут ішінде әділ-қазылар алқасына арналған «Қошемет» сөздерін айту керек, бірақ бұл тілек тек информатика тілінде болуы шарт.

Жүргізуші 1: Ал кәне, топтарды ортаға шақырып,

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 8.39 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 127

Похожие материалы