Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жасаған жұмыстары

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Үстірт орта мектебі мемлекеттік мекемесі бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бір қанша жұмыстар алып барылды. Тоқсан сайын аудандық кәмілетке жасы толмағандар жөніндегі мектеп инспекторы мен бірлескен жұмыс жоспары жасалып бекітіліп отырды.Мұғалімдермен ИДН қызметкерлері бірлескен түрде мектепке қарасты аймақта сабақты себепсіз қалдырмау мақсатында рейд жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы мен әлеуметтік педогог бірлесіп профилактикалық жұмыстар жүргізіп аз қамтылған, тұлдыр жетім, сәтсіз отбасы және оралман оқушыларды анықтап, есепке алынды.Мектеп инспекторы сынып жетекшілермен бірлескен түрде сыныптарда сынып жиналысын, ата-аналар жиналысын жасап отырды.Қиын-қиынға бейім оқушылар анықталып, мектепшілік есепке алынып, жұмыстар жүргізілді. Мектепшілік есепте тұрған оқушылардың ата-аналарымен ай сайын кездесу өткізілді. Бейнеу аудандық білім беру бөлімінің 17.10.2011 жылғы №968 хатын, Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 28.09.2011 жылғы №12-2-13/730 шығыс санда хатын басшылыққа ала отырып, мектебімізде сенім телефоны ұйымдастырылды Мектеп психологтары және медбике мен бірлесе отырып мектеп инспекторы жас өспірімдер арасында нашақорлыққа, темекі және ішімдіктің зияны туралы лекция оқыды. Осы тқырып бойынша аудандық дәрігерлермен кездесу өткізіліп, оған 92 оқушы, 16 мұғалім қатысты. Оқушылардың демалыс уақытында, кешкі мезгілде ата-ананың қарауынсыз көшеге шығуын , жоғары сынып оқушылары арасында топтық қылмысты болдырмау мақсатында жиналыстар өткізіліп отырды. .
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.64 Kb
Количество скачиваний: 61
Просмотров: 184

Похожие материалы