Здесь была ссылка на работу Ы.Алтынсарин «Өзен» автора Узбаев Бактияр Баймаханович.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейский қалашығы Б.Момышұлы атындағы №43 орта мектеп. Ашық сабақ. Пәні : Ана тілі Сынып: 3 сынып Тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Өзен» Мұғалімі: Сарсенбаева Жанар Калдыбекқызы 04.03.2014жыл Ана тілі Сабақтың аты Ы.Алтынсарин «Өзен» Сілтеме Жоспар Жалпы мақсаты Ы.Алтынсариннің «өзен» өлеңі туралы ақпарат беру. Өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы, адам өміріндегі өзеннің атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге баулу, Ыбырай шығармаларының көркемдік ерекшелігін үйрету. Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже Ы.Алтынсариннің «өзен» өлеңі туралы ақпарат алады. Өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы, адам өміріндегі өзеннің атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге баулу, Ыбырай шығармаларының көркемдік ерекшелігін үйренеді. Топпен жұмыс жасап, проблемманы өздігінен шеше алады. Негізгі идеясы Өзен дегеніміз- табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Өзендердің барлығы бірдей, үлкені- кішісіне қарамай, батпақтардан, мұздықтардан, көлдерден, бұлақтардан бөлініп шығатын жылғалардан басталады. Өзеннің басталар жерін- бастау деп атаймыз. Тапсырмалар Топтық жұмыс Жұптық жұмыс Жеке жұмыс Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа суреттер арқылы бөлу. Оқушыларды топтастыру. Топтағы 5 рөлді; көшбасшы, баяндамашы, уақыт сақшысы, хатшы, баяндамашыларды анықтау. Үй тапсырмасын сұрау. Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңі және көктем тақырыбына эссе жазу. Екі жұлдыз, бір ұсыныс айту арқылы бағалау. Табиғат туралы слайдтар көрсетіледі. -Балалар тақтадан нені көрдік? -Өзен тау көл ормандар т.б. -Олай болса, бұларды бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз? -Табиғат -Олай болса бүгін біз «Табиғат - менің өз үйім» деген үлкен тараумен танысамыз. Жеке жұмыс. Табиғат және адам тақырыбында шағын эссе жазу. Табиғаттың бір бөлігі Ы. Алтынсариннің «өзен» өлеңімен танысамыз. Дәптерге бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз . Топтық жұмыс. 1. Өлеңді жеке оқу. 2. Жұптасып әңгімелеу 3.Топта баяндау Ы.Алтынсарин туралы шағын мағлұмат беру. Топтық жұмыс Сөздікпен жұмыс Өксіген - шөлдеген Қыранда - жағасында, маңында Жай - орын, қоныс Жанабында - жанында, маңайында Метатаным. Өзен дегеніміз - табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Өзендердің барлығы бірдей, үлкені- кішісіне қарамай, батпақтардан, мұздықтардан, көлдерден, бұлақтардан бөлініп шығатын жылғалардан басталады. Өзеннің басталар жерін- бастау деп атаймыз. Өзеннің басталар жерінен құяр жерін, ал құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды. Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мыңнан аса өзен бар. Оның 7-еуінің ұзындығы 1000 км-ден асады. Қазақстандағы ең суы мол өзен - Ертіс. Оның республика жеріндегі ұзындығы - 1700 км болса, жалпы ұзындығы - 4248 км. Жоғары бөлігіндегі ағыны екі ірі су электр станцияларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген.Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен - Сырдария. Қазақстандағы ұзындығы - 1400 км, ал жалпы ұзындығы - 2219 км-ді құрайды.Іленің республика шегіндегі ұзындығы - 815 км.Жайық өзенінің Қазақстандағы ұзындығы - 1082 км, жалпы ұзындығы - 2428 км. Есіл, Тобыл,Шу өзендері де ірі өзендер қатарына жатады. Топтық жұмыс І топ Өлең шығару ІІ топ 5 жолды өлең шығару ІІІ топ Эссе жазу ІҮ топ Топтастыру Саусақпен бағалау Жеке жұмыс Концепцуальды карта. (Оқушыларға карта таратылады және оқушылар Табиғат пен Адамға тән заттарды белгілейді.) (Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту) ну орман ақыл өзен тау Сезім,сана Табиғат Табиғат + - + + - + Адам - + - + + Иә + Жоқ - Өзін- өзі бағалау. (Слайдта дұрыс жауабы көрсетіледі оқушылар өз қателерін өздері жөндейді) Топтық жұмыс Шыңға шығу 1. Өзен дегеніміз не? 2. Өзеннің пайдасы не? 3. Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Топтық жұмыс 1. Ы. Алтынсарин несімен танымал? 2. Ы. Алтынсарин не істеді? Рефлексия 1. Не қиын болды? 2. Топпен жұмыста туған сәтсіздіктер. 3. Мен үшін бүгінгі сабақта... Кейінгі оқу Өзен Кейінгі тапсырма Өзеннің суретін салу 2014 жыл.