Ғылыми жұмыс бағыттары мұғалімге көмек

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

6 – сынып оқушысы Гүлім «Компьютер пайдалы ма,әлде зиян ба?» тақырыбындағы  жұмыстың негізгі

Мақсаты:Компьютердің адам өміріне зияны мен пайдасын білу; компьютерлердің, компьютерлік ойындардың бала ағзасына қауіпін зерттеу.

Зерттеу жұмысының болжамы: Осы оқушы мақсатты негізге ала отырып, өзін толғандырып жүрген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мәселелер туралы жүйелі ой қозғайды. Себебі бүгінгі  таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, өркениетті 50 елдің қатарына кіру өте күрделі мәселе. Біз ойлағандай, егер де біздің замандастар компьютерді тек ойын үшін қолданып, уақытты зая кетірсе, онда көзі көруі және денсаулығы бұзылады, ата-анасымен қарым-қатынастары нашарлайды, оқу үлгерімдері төмендейді. Сондықтан әрбір оқушы ақпаратты сауаттылығын арттырып, өз бетінше шығармашылық жұмыс жасау керек.

Зерттеу екі кезеңнен тұрады бірінші толық мәліметтер жинау , екінші мектеп оқушыларына, сыныптастарына сауалнама жүргізіп қорытындылау.

Зерттеудің барысы: Қажетті мәлімметтер жинап, мектеп оқушыларымен, сыныптастарымен талдады , сауалнама жүргізу арқылы олардың ойын жинақтады және ата-аналардың бала мен компьютер арасындағы байланыстарына көзқарастырын білді. 

Зерттеу жұмысының жаңалығы мен дербестігі:  Компьютер мүмкіндіктерін  түсініп жұмыс жасай отырып, жаңа үлгідегі қосымша жұмыс түрлерін енгізу. Дәлірек айтсақ олар: «Пайдалы» және "Зиян" элементтері болып табылады. Осы қосымшаларды пайдаланып  компьютердің пайдалы және зиян жағын туралы жұмыстарды терең оқып білу. Жалпы ел мақсаты болып отырған мәселе, оқушымыздың ой- санасында үлкен мақсат болып жүрсе, болашақта ел тағдырын ойлайтын, қорғайтын, қолдайтын ел азаматы болатынына сенімдімін.                

 Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Оқушылардың көбі компьютерді ойын әртүрлі, достарымен әңгімелесу, фильмдер көруге қолданатындығы.Компьютер денсаулыққа әсер ететіндігіді дәледденді.Балалардың көбі атыс және спорттық ойындарға жақын екендігіне көз жеткіздік. Балалардың көбі компьютерлік ойындарға көп уақыт жібереді және ата ана оған қарсы еместігін сауалнама арқылы дәлелдедік.

 

 

                          Жетекшісі:                  Б.С.Айткалиева

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 514 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 93

Похожие материалы