Ғылыми жоба "Төрт түліктің пайдасы"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Керейбаева Гульбану Муратбековна
|
Біздің ұсынып отырған ғылыми жобамыздың тақырыбы «Төрт түлік малдың қасиеті мен пайдасы». Осы ғылыми жобаны алу себебіміз Міне, осы жас ұрпаққа қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін білу. Мал шаруашылығының қасиеті мен пайдасы туралы кеңінен зерттеу жұмыстарын жүргізу. Мал өнімдерін тұрмыстық салаға қолдану тәсілдері . Төрт түлікке орай тәрбие, өнеге үлгілері жайлы танып білу . Сонымен қатар төрт түлік малдың ішінде жылқы малының өсу, даму кезеңдерін жіті қадағалап, деректер жинау. Өскелен ұрпақты оқытып үйрету олардың ой –өрісінің өсуіне де, малға деген ынта-ықыласына да жақсы әсер ететіні сөзсіз. Ана тіліміздің ғасырлар бойы толассыз толығып, ұрпағына асыл мұра боп ауысып келе жатқан байлығының бір ұшығы біздің халқымыздың ата кәсібімен байланысты. Екенің дәлелдеу және жеткізу. Жастардың барлығы мал бақпас,, бірақ аталарымыз қадір тұтқан мұраларымыздың ерекшеліктерін жадында сақтау мақсатында зерттеу жұмысы алынды..
Төр түлікке қатысты этнографиялық қызықты атаулар өте көп. Мысалы түйе өсу жолымен бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, іңген, атан, бура деп аталады. Түйенің азғын түрлерін көрт, көйін дейді.
Түйенің қасиетіне қарай біртуған, бекпатша, мая, желмая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек деп бөледі. Шалкиіз жырау: «Айырдан туған жампоз бар, нарға жүгін салғысыз»,- деп жырлаған. Қазақтың «Түйе жаманы- көрт, шөп жаманы- керт» деген мақалы да бар.
Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал- жылқы. Оны жасына, түріне қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал,, сойтал, дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратады. Бұрыннан ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулардын жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу, дүлділ, арғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеп бағалаған. Айт,ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние, жиһаз тігілетін болған.Тігіпті бас бәйгеге елу бие,
Тігіпті бас бәйгеге елу бие,
Өлі отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе,
Жабулы қара нарға қалы кілем,
Аты озған зор олжаға болады ие.
(Н. Ахметбеков)
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 13.42 Mb |
Количество скачиваний: | 12 |