Күні:
Пәні: әдебиет
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы:
Аңыз әңгімелер . Қожанасырдың тойға баруы
Жалпы мақсаты:
Аңыз әңгімелердің не екенін ұғындыру. Оқушыларды ауызекі
сөйлеуге, ойын ашық еркін жеткізе білуге қалыптастыру .
Сілтеме:
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2.Тұрсынғалиева С.Ч Арман баспасы Астана 2009
Оқу нәтижесі:
Аңыз әңгіменің қай жерде , неге байланысты туындаған
шығарма екендігін біледі. Өмірде қолдана алады.
Негізгі идеялар:
Түрлі жаттығу жұмыстарын топпен бірлесе орындау
арқылы оқушылардың белсенділігі артады
Қолданылатын материалдар:
Кластер, пломастер, суреттер, оқулықтар
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері:
Жаңа оқыту әдістері, диалог, СТО, АКТ , Блум таксономиясы
Шығармашылық жұмыс, диалог, ой-толғау
Жұмыс түрлері:
Сұрақтарға жауап беру, ой-толғау, топтық
жұмыс, жұптық жұмыс, шығармашылық жұмыс
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
дайындық
«Ақ тілек » тренингі арқылы психологиялық ахуал орнату
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
Оқушыларды топқа бөлу
Оқушыларды стикер арқылы топқа бөлу
Оқушылар стикер арқылы топқа бөлінеді және сол бейнеленген суретті құрайды
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын ынтамен тыңдайды
Мақта қыз бен мысық ертегісін әңгімелеу , ертегінің түрлеріне мысалдар келтіреді
І топ: Өткен сабақта ертегілер туралы не білгендерін постер арқылы қорғап шығады
ІІ топ: (жазбаша) үй тапсырмасы бойынша сөйлейді
Екі топ өткен тақырыптар бойынша бір-бірлеріне ашық және жабық сұрақтар қояды
Ой қозғау
Оқушыларға Қожанасырдың тойға баруы аңызды әңгімелеу
Оқушылар ынта қойып тыңдайды.
І. Білу
- 1.Жетелуші сұрақтар қойып , аңыздың не екенін анықтау
- 2.Қожанасыр кім?
- 3.Ол қай ғасырда өмір сүрген?
- 4.Не себепті халықтың аузында бұл оқиға қалып қойған?
Сабақтың тақырыбын өздері ашады. Оқушылар мәтінді тыңдап, мәтін
бойынша өз ойларын айтады.
Аңыз дегеніміз не? Сұраққа оқушылар
өздері жауап береді
ІІ.Түсіну
Жеке жұмыс
Оқушылар берілген сөздікке сөз тіркесін, сөйлем құрап айтады.
Сөз сыры мәтінде кездесетін сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.
Топтық жұмыс
1. Әр топтан бір адам шығып үстел үстінде жатқан екі түсті қағаздың біреуін таңдайды
1. Оқушылар кезек-кезек мәтінді оқиды.
2. Мағынасы қиын сөздерді дәптерлеріне жазады.
3. Бір-бірімен диалог құрап әңгмелеседі.
Оқушылар тақырыпқа байланысты
мақал-мәтел айтып шығады
ІІІ. Қолдану
Жұптық жұмыс.
Мәтінді рөлге бөліп оқып, ойларыңды айтыңдар
Жұптық жұмысты орындайды.
Қожанасыр мен үй иесінің қарым қатынасы жайлы әңгімелейді .
Сегіту сәті
Оқушыларды сергітіп алу мақсатында бейнетаспа ойнатылды
Оқушылар қызықты әуенге жаттығуларды бірге орындады
ІҮ. Талдау
Топтық жұмыс. «Ойлан,тап!» сурет көрсетіледі, оқушылар сол суретке жалғанатын сөздерді айқындайды
Оқушылар дұрыс табады
Ү.Жинақтау
«Дөңгелен» ойыны арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеріп шығады (диалогтік жұмыс)
Оқушылар жаңа тақырып бойынша кезек-кезек бір-біріне сұрақ қойып шығады
Аңыз дег-з не? Ол неге байланысты туындаған
шығарма? Қожанасыр қайда барады?
ҮІ.Бағалау
Әр топқа бағалау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» парақтары берілді
Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бір-бірін бағалап шықты
V. Үй тапсырмасын беру
Үйге тапсырма беріледі
Мәтінді мазмұндау , тағы басқа аңыз әңгімелерді оқып келу
VII. Рефлексия
Рефлексия парақтары таратылады
Оқушылар сабақ бойынша өз ой-пікірлерін рефлексия парақтарына жазады