Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, мәдениеті.

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Қазақстан тарихы

XVI-сабақ                         10 сынып                                    

Сабақ тақырыбы:  &17. Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

- Үйсіндердің тарихы, мекендеген орыны, шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті мен өнері жайында қосымша деректерді пайдаланып, үйсіндердің тақырыбын қорытындылау;

- Қазақ халқының тарихы бойынша білімдерін толықтыру, оқушының қосымша деректерді тауып пайдалану, ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту;

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылырды өз елінің  тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отангүш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:тематикалық суреттер.

Сабақтың барысы:

I.                   Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа тарту.

II.                Үй тапсырмасын тексеру: & 16. Археологиялық ескерткіштері.

1.      Шілік-Рабат;

2.      Бәбіш молда;

3.      Бұланды қалашығы.

III.             Жаңа сабақтың жоспары:

1.      Үйсіндердің мекендеген жері.

2.      Шаруашылығы.

3.      Әлеуметтік-саяси ұйымдасуы.

4.      Үйсіндердің басқа елдермен қарым-қатынасы.

5.      Мәдениеті.

 

1.      Үйсіндер- Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері- б.з.д. III ғасыр- б.з. IV ғасыр. Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяғында пайда болды, олардың шығу тегі туралы мәліметтер қытай тарихшысы Сыма Цяньның «Тарихи жазбалар» («Ши цзи») еңбегінде көп. Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштердің негізінен шоғырланған өңірі- Жетісу. Үйсіндердің иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жаса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы- Іле аңғары, олардың ордасы- «Қызыл Аңғар қаласы» Чигучен Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.

 

2.      Жартылай көшпелі мал шаруашылығы үйсіндер шаруашылығының негізгі түрі болды. Кейінгі кезде де ол экономикада өзінің жетекші рөлін сақтап қалды. Шаруашылықты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жүйесі жетілдіріліп отырылды. Үйсіндердің мал құрамы- қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек.

 Отырықшылық пен егіншілік ертедегі үйсіндерге біздің заманымыздың алғашқы ғасырлалында-ақ болған деуге негіз, ал б.з. III-V ғасырларында, сірә, бау-бақша шаруашылығы тәлімі егіншілік түрінде оның ілгері дами түскені өзінен-өзі түсінікті.  Ақтау қыстас-қонысты қазып ашқанда үйсіндерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бұл жер өндеу құралы- тас кетпендер және егін жинау құралы- қола орақ (сынығы).  Ақтау қонысының төңірегін зерттеген кезде үйсіндерде қарапайым суармалы егіншілік болғандығын белгілері байқалды. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның үйсіндер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы дақылдардың дән қалдықтары дәлелдейді. Жетіуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік те дамыған деп топшылауға болады.

 

3.      Сыма Цянь дерегі бойынша үйсін мемлекеті басшының лауазымы- гуньмо, тайпа көсемдерінің атауы- бек.

Үйсін қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік фактісін жазба деректерден және археологиялық материалдар аңықтайды. Жетісу аумағындағы үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш тұрпатқа бөлінеді:

1.      Олардың біріншісі- диаметрі- 50-80 м. және биіктігі- 8-10-12 метр. Үлкен обаларда – атақты адамдар, ірі меншік иелері мен олардың әйелдері жерленген.(Шығыс Жетісу, Батыс Жетісу- Қаракөл мен Буранин обалары).

2.      Диаметрі- 15-20 м, биіктігі 1метрге дейін (Шарын өзеніндегі Қаратұма қорымы). Өз алдына бөлек шаруашылық жүргізетін, халықтың көпшілігін құрайтын ерікті, қатардағы қауым адамдары жерленген.

3.      Диаметрі- 5-10 м, биіктігі- 30-50 см. Тәуелді ұсақ өндірушілер мен құлдар жерленген (Бір- екі ыдыс, темір пышақтар мен түйреуіштер, оқта-текте қола сырғалар мен моншақтар, қару болмайды).

Қоғамдық байлықты қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім, олардың біріншісінде- мал, қолөнер өнімдері мен тұрғын үйлер, екіншісіне жер жатқызылды.

Сыма Цянь үйсіндердің бай адамдардың 4 мыңнан 5 мыңға дейін жылқысы болады деген мәліметті бірінші рет келтірді.

 

4.      Үйсіндер неке одақтарын жасау арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. Үйсіндермен одақ жасауға мүдделі болған Хань империясы мен Ғұндар хань және ғұн ханшаларын үйсін гуньмоларына күйеуге беріп отырған.  Көршілес жатқан аумақтардың кейбір иелері жау шапқан кезде үйсіндерден қорғаныш іздеген. Ежелгі үйсіндердің қазақ және қырғыз халықтарының құрамына кірген үйсіндермен және үйшүндермен генетикалық жағынан сабақтастық байланысы болды деп айтуға толық негіз бар.

 

5.      Мал шаруашылығымен және егін салумен қатар үйсіндерде үй кәсібі, қолөнер дамыған. Әсіресе керамика ыдыстар жасау кең өріс алған. Құмырашылық кәсібі барынша дамыды. Ежелгі үйсіндердің шаруашылығында темір, мыс және асыл металдарды қазып алу, қорыту және өндіру маңызы орын алды. Зергерлік бұйымдары- алтын, мыс немесе қола сымнан бұрап жасалған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан, сүйектен бұйым жасау ісі де дамыған.

 

IV.             Сабақты бекіту:

1.      Үйсін тайпаларының мекендеген жері?

2.      Жетісу өңіріндегі үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері?

3.      Басқа елдермен қарым қатынасы?

V.                Үйге тапсырма беру: & 17.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 32.04 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 183

Похожие материалы