Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Утемисова Аимгул Канатовна
|
Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру аймағы: «Қатынас»
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы:Біздің балалар қайда екен?
Мақсаты: Топпен таныстыру, бөлмелердің аттарын үйрету. Сұрақтарға жауап беруге үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:балабақшаның суреті, орамал
Билингвальді компонент:жиһаз.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Балаларға біз таңертең балабақшаға келеміз дей отыра балабақшаны суреттен таныстыру.
-Балабақшамыз үлкен, әдемі, ауласы кең.Балалар, біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз деп,балалардың көңілдерін топ бөлмесінің ішіне аудару.
-Мынау-орындық, мынау-терезе,үстел,мынау-ойыншықтар тұратын жиһаз,онда ойыншықтар жинайсыңдар,топта тағы бөлмелер бар.Мынау шешінетін бөлме,онда шешінесіңдер.Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады.Ол ыдыстармен тамақ ішесіңдер.
Мынау-ұйықтайтын бөлме,онда сендер жататын кереуеттер тұрады.Тобымыз үлкен ,әрі жарық.
- Балалар топқа қызыға қарайды.
Заттармен танысуға құлшыныс танытады. Тәрбиешіні тыңдайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалардың көңілің ормалға аудару. «Орамал кімді жасырады екен?»,-деп,бір баланың бетіне бір сәтке жабу.Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген сұрақ қойу.Осылай әр баламен ойнау.Әрқайсысына өз аттарын айтқызу.Тағыда сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап беруге, сөйлетуге үйрету.
-Сен қайда тұрасын?Сен атыңды айтшы?
-Кімннің қасында тұрсын?Ол баланың атын білесің бе?
«Біздің балалар қайда екен?»дидактикалық ойыны.Үлестірмелі материалдарда берілген сурет бойынша балалардың қайда тығылып тұрғаның тапқызу.
-Орамалға күлімдей қарайды.Көңілді болуға тырысады.Сұрақтарға жауап беруге тырысады.Орамалмен беті жабылған бала өз атын айтады.Қасында тұрған баланың атын айтады.
-Милена үстелдің астында тығылып жатыр.
-Дания үлкен ойыншық қонжықтың артында отыр.
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалардың көңіл-күйлеріне қарап мақтап, мадақтау.Балаларды сөйлеуге үйрету.
Балалар қуаныш сезімдерін танытады.Балалар сөйлеп үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:өздерінің,көшелерінің атын айтуды.
Игереді:топ туралы түсінікті.
Меңгереді:сұрақтарға жауап береді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 141 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |