«Қыз балалардың жеке гигиенасы бойынша қозғалатын проблемалар».

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Тақырыбы: «Қыз балалардың жеке гигиенасы  бойынша қозғалатын проблемалар».Мақсаты:Қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік.Барысы:Жалпы ағзадағы өзгерістер«Тоғыз және он төрт жас аралығында қыз баланың тәнінде болашақта оны бойжеткенге айналдыратын өзгерістер басталады. Кейбіреулерінде бұл үдеріс бұдан да ерте көрініс береді (7-8 жаста).  Алдымен қыз бала өзімен қатарлас ер балалардан аса ерекшеленбейді (жыныс ағзаларын қоспағанда): кеудесі дамымаған, қолтық пен қасағада түкті қабат жоқ, дене бітімі әлі баланыкі, яғни, бейтарап.Алайда қызды бойжеткенге айналдыру үдерісін басқаратын мидың ерекше бөлігі – гипоталамус өз жұмысын бастайды. Ол ерекше заттар – «босату факторы» деп аталатын гормондар немесе химиялық медиаторларды бөледі. Олар мидың тағы бір бөлігі – гипофизге түседі. Ол өз кезегінде гипофиздік гонадотропиндер деп аталатын гормондарды, сондай-ақ өсу гормондарын өндіре бастайды. Олардың бірі өсуді және жынысалды пісіп-жетілуді ынталандырса, екіншілері бүйрекүсті безі мен қалқанша безі жұмысын ынталандырады. Дәл осы бездер қыз баланың өсуі мен дамуына түрткі болатын гормондарды өндіреді. Гипофиздік гормондардың ішінде ең бастысы – фолликулынталандырушы гормон (ФЫГ). ФЫГ әсерімен анабездерге әлі пісіп-жетілмеген аналық жасушалары бар қалташықтар – фолликулдар белсенді бола түседі. Фолликулдардың қабырғалары әйел жыныс гормоны – эстроген бөліп шығарады.Сырт келбеттегі өзгерістер Гормондардың әсерінен қыз баланың сыртқы түрі де өзгереді. Оның бойы өседі, бұл кезде ол өз қатарлы ұлдардан биіктеу. Кеудесі өсе бастайды. Кеуде ұштары ұлғайып, пигменттеледі. Бел білініп, бөксе өлшемі өседі. Бөкседе, жамбаста май тіні байқалады.Тері бетінде де өзгерістер көрінеді. Жоғарғы қабат (эпидермис) жұқарады (әйел терісі еркектердікімен салыстырғанда жұқалау әрі нәзік), май бездерінің қызметі өзгереді.Қан тамырлары кеңейеді, жасөспірім қыз жиі және тез қызарады.Эстроген мен еркек гормондарының әсерімен (қыз баланың ағзасында бұлар да болады) алдымен қасағаға, бір-екі жылдан соң қолтыққа, одан соң аяқтың тізеден төмен бөлігінде де түк шығады.Жыныс ағзаларындағы өзгерістер Сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінде де өзгеріс болады. Үлкен жыныс ернеулері пигменттеледі, кіші жыныс ернеулері үлкейеді. Еркек жыныс гормондарының әсерінен клитор ұлғаяды. Қыздық перде қалыңдайды, оның шеттері бірігіп, жіңішке ұзынша сызық түзеді. Қынап ұзарады, оның қабырғалары қалың әрі тегіс болады. Қынап қабырғалары үнемі жаңарып, жасушалар қатпарланым тұрады, сондықтан кейде мол, кейде аз көлемде ақшыл бөлінділер бөлінеді. Қынап сөлдерінің бөлінуі күшейеді. Добелейн бациллаларының арқасында ондағы орта қышқыл болады, бұл микробтардың көбеюіне тосқауыл қояды. Жатыр мойны біртіндеп томпақтанады. Жатыр кеңіп, ұзарып, алдыға еңкейген қалыпқа келеді. Анабездері үлкейіп, ауырлай түседі. Оларда алғашқы фолликулдар пісіп-жетіледі. Олардың сөл бөлу қызметі біртіндеп күшейе береді.Қыздың бойжеткенге айналу үдерісінде етеккір пайда болады. Тәннің алғашқы етеккірге дайындалу кезеңі орта есеппен екі-төрт жылды құрайды. Осы кезең ішінде қыз балада әйелге тән белгілер және екіншілік жыныстық белгілер пайда болады. Алғашқы етеккір, әдетте, 9-13 жаста келеді. Бірақ кейде бұл көрсеткіштен 1-2 жыл ауытқуы мүмкін.Гигиена немесе тазалық шарттарыЖасөсіпірім қыз баланың жалпы тазалығымен бірге жыныс ағзаларының, әсіресе етеккір кезіндегі тазалығы аса маңызды. Жыныс мүшелері гигиенасы – жыныс мүшелерінің дұрыс қызмет етуінің және аурулардың алдын алудың алғаш шарты. Жыныс мүшелерін күнделікті тазалап жуу шарт. Бұл жердің терісі тым нәзік, сондықтан оны қабыну мен қозуға жол бермеу үшін ақырын, мұқият жуу керек.әйел жыныс мүшелерінің тазалығы оның өмірінің әр кезеңінде өзінше ерекшеленеді. Қыз бала қынабының шырышты қабаты өте нәзік, сондықтан жұқпаларға тұрақсыз және тез жарақаттанғыш. Тиісті тазалық шарттары сақталмаған жағдайда, вульвит дамуы мүмкін.Таңертең және ұйықтар алдында кіші және үлкен дәретке отырған соң жыныс мүшелерін жылы сумен жуу шарт. Таза қолмен, мақтамен немесе дәке шүберекпен қасағадан анусқа қарай жуу керек.Балаға кішкентайынан кіші және үлкен дәретке дер кезінде, жүйелі түрде баруды үйреткен жөн. Өйткені ішек пен қуық толып қалса, жамбас ағзаларының жұмысына кері әсер етеді. Баланың ішкиімі табиғи матадан тігілуі, жыныс мүшелеріне тым жабысып тұрмауы, қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.Жыныстық жетілу шағына жеткенде қыз бала тазалықты сақтауға үйретілуі тиіс. Етеккір кезінде жұқпаларға деген сезімталдық артады, сондықтан бұл кезде қыз балаға ауыр дене жаттығуларын жасауға, секіруге, велосипед тебуге, жүзуге болмайды.Жалпы, жыныстық жетілу кезінде қыз баланың толыққанды тамақтануына, жеткілікті ұйықтап, демалуына, көңіл-күйіне, жалпы психологиялық ахуалына жіті көңіл бөлген жөн. Әсіресе анасымен сырласу, ой бөлісу, оның кеңестерін тыңдау ол үшін маңызды. Ересек адамның қолдауын, түсіністігін сезінген бала өзіне сенімді болады. Сонда ғана бұл кезең ата-ана үшін де, бала үшін де еш қиындықсыз өтпек»
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.97 Kb
Количество скачиваний: 279
Просмотров: 573

Похожие материалы