Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы:Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі

 

Мақсаты:Қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың

бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана алдында   

қоғамның,елдің,ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен

 жауапкершіліктің  тұрғандығын сезіндіре отырып,әдепті,сыпайы,

 адамгершілігі мол, білімді,  жан-жақты жетілген қыз бала  тәрбиелеу.

 

Өткізу технологиясы:      «Айтуға оңай...»  тележобасы айдарымен

 

Қатысушылар:

1.     Арнайы шақырылған қонақтар:9 в сыныптың әжесі- Гауһар Көкебайқызы Қордасынова, 5 ә сынып әжесі- Зәуре Амантайқызы, ұлағатты ұстаз- Шара Сұлтанқызы және  Әуезов ауданы   қазақ мектептері бойынша  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

2.     Мектеп ұстаздары мен оқушылар

3.     Ата- аналар

 

Барысы:

 

І.    Кіріспе сөз

ІІ.  Студия қонақтарын шақырып, сұхбаттасу

ІІІ. Пікірлер алмасу

ІҮ. Қорытындылау

 

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар,мектеп оқушылары бүгінгі «Қыз баланың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі» атты ток-шоуына қош келдіңіздер!

Жарық пен жылу,от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ.Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі-адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды.Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді,отбасы түзелмей,болашақ түзелмейді.

 

2-жүргізуші:Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз-ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенеді.

Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.

Бесігінде жақсы тәрбие алған,үлгі-өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақатамақ.Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр,әрі ардақты. Ол-адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана,үй ұстап,жар күтетін адал жар,ата-ене сыйлап,иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламастан, бұл-өмір заңы»-деген.

Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің,қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн. Ендеше,қыз бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісіңіз,сырласыңыз,пікіріңізді білдіріңіз.

 

1-жүргізуші:Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайрандаған.

Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,-дегендей, қазақтың қызы-қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты,бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды.Қыз баланың дұрыс жүріп-тұруы ата-ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен,жасөспірімдік шақ,бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады екен.

 

ІІ- жүргізуші: Қыз өсіру,гүл өсірумен бірдей! Гүлге де әлсін-әлсін су құйып,ауа жеткізіп, айналасын арамшөптерден тазалап отырады ғой. Қыз да сондай. Сондықтан да мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады екен.

I-кезең – Бастауыш сыныптар кезеңі – қыздарды тазалыққа,ұқыптылыққа,жинақтылыққа үйрете отырып,білімге құштарлығын арттыру.

II-кезең – 5-8сыныптар арасындағы кезең-алғашқы кезеңдердегі тәрбиені дамыта отырып,қыз баланың келешегіне ең керекті,нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу,шыншылдық, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру.

IIІ-кезең – 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты,таза махабатты түсінуге тәрбиелеу.Өнерге,мәдениеттілікке, өткен тарихқа,отаншылдыққа, отбасының алтын арқауы-негізі болуға үйрету.

 

1-жүргізуші:Тәңірінен болғанымен таңғы асы

 Аналардан бастау алар ар басы,-дей келе бүгінде асыл ана, аяулы әже атанып отырған сүйікті апайымыз Зәуре Амантайқызы сізді қыз баланың тәлімі мен тәрбиесі жөніндегі сұхбатымызға шақырамыз.

Зауре апай:   Сіздердің кездеріңізде қыздардың тәрбиесі қандай еді? Қазіргі қазақ қыздарының тәлім тәрбиесіне көңіліңіз толама?

 

2-жүргізуші: Біз ата-ананы пір тұтқан тегімізді атадан, тілімізді анадан бастаған халықпыз. Атасыз ұл ақылға жарымас,анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе» - дегендейқонаққа келген    әжей- Гауһар Көкебайқызын  сұхбатымызға шақырамыз.

-         Сіз қандай бойжеткен болдыңыз?

-         Қыздарға  берер  қандай ақыл-кеңесіңіз бар?

 

Әжейдің пікірі тыңдалды.

 

1-жүргізуші: Қазіргі студиямызға ой бөлісуге 10 а сынып жетекшісі,ұлағатты ұстаз Шара Сұлтанқызын шақырайық.Мына бейнекөріністі көре отырып, қазіргі кезде қыз балалардың тәрбиесінде алаңдататын қандай нәрселер бар деп ойлайсыз?

 

Видеофильм қойылады.

 

Шара апай:

-Алаңдататын нәрселер көп қой. Қыз баланың орынсыз жүруі,кешке шығып,таңға бір-ақ келуі,ата-ананың сөзіне мән бермеуі. Денелерін жартылай ашатын киімдер киіп, қымбат  әшекейлер тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің сыпайылығы мен жарасымдылығынан айтылды.

 

2-жүргізуші: Тәрбие ісінің меңгерушісі Майгүл Батырханқызына мынандай сауал қойғымыз келеді.«Қазіргі қазақ қыздары бұзылу қаупін кешіруде» - дегенге не дейсіз? Мектебіміздегі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз толама?

-Иә,бірсыпыра қыздарымыздың ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны байқалады.Қыздардың ішінде шылым шегіп,шарап ішетіндер де кезігеді. Дөрекі сөйлеп,орысша-қазақша қыстырма сөздер қосып, қарқылдап күліп,әлем-жәлем киініп,көзге түсуге тырысуы.

- Мектебіміздің қыздарының тәрбиесіне көңіліміз толады деуге болады. Себебі қыздар биязы, адамгершілігі мол, инабатты, үлгілі отбасынан шыққын оқушылар. Көптеген жетістіктерімізбен де мақтана аламыз.

 

1-жүргізуші: Қыз бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Бірақ,бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде де қыз балаларды жан-жақты тәрбиелеу,уақыт күттірмейтін мәселе.

Енді Әуезов ауданы мектептерінен келген қонақтар пікірін тыңдасақ:

№122 мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Айгүл апай, №173 мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Шолпан апайлар өз ойларымен бөлісіп,  қыздарға ақыл- кеңестерін айтты.

2-жүргізуші:  Көп рахмет,  сіздерге.

Аға-буынның қыз тәрбиесі жөніндегі ой-пікірін тыңдадық.Енді өз құрбыларымыздың айтар сөзін тыңдасақ.

1. «Қыздың жолы жіңішке»       9 а сынып оқушысы - Айдана

2. «Қызға қырық үйден тыю»      9 в сынып оқушысы - Қарлығаш

3. «Қыз-ұлт мақтанышы...»9 ә сынып оқушысы- Аружан

4. «Орта түзер ойыңды,ойың түзер- бойыңды» 9 в сынып оқушысы- Еңлік

 

Би: «Аққу»

 

Қорытынды сөздер:     қонақтардың түйінді ойын білейік

 

1-жүргізуші-«Қыз» – ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны, бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп,ұлт қатарын көбейтеді. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет ғұрпын, салт санасын,дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы әрине, әйел-ана. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы-аналарға көп жүк артады. Ана-барлық өмірдің бастауы.Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және біршама қауымның міндеті.

2-жүргізуші- Қыздар!Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған осынау бір елімізге адал перзент,асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Ақылды болыңдар! Сұлу да сымбатты болыңдар! Саналы болыңдар! Қыздар ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ, ұрысқақ болмаңдар!

 Инабатты,ілтипатты,ұйымшыл болыңдар! Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тұтқасы – сендерсіңдер!

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.65 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 127

Похожие материалы