Здесь была ссылка на работу Қыз қызығы автора Козыбай Жадыра Смагуловна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы ЖШС «Думан» ясли-балабақшасының әуез жетекшісі Матханова Гүлназ Білім беру саласы: Шығармашылық Білім көзі: Музыка Мақсаты: музыка тыңдауға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға Қызығушылықтарын қолдап, дамыту.Балаларды бейнелі рөлде ересек адам қолындағы ойыншық орындайтын қарапайым сюжетті ойындарға қатысуға дайындау. Әдіс- тәсілі: Сайыс, әңгіме, ырғақты-қимылдар. Көрнекілігі:Аққала, эмблема, плакат. Оқу іс-әрекетінің барысы: Шаттық шеңбер: Үлкенге де «Сіз» Кішеге де «Сіз» Баршаңызға құрметпен Бас иеміз Біз! Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар. Ал енді орнымызға жайғасып бүгінгі оқу іс- әрекетімізді бастайық. Бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Қыс қызығы» . Алдымен балалар, ойын ойнайық. «Ойыншықтың атын табу». Балалар ойын ойнайды. Тәрбиеші: Ал енді жұмбақ шешейік. Ойлаңдар да ойнаңдар Сәбіз мұрын кімде бар? Шелек киген басына, Айтыңдаршы балалар? Балалардың жауабы: Айтамыз,айтамыз, Аппақ қардан жасаймыз Шыдайды ол аязда Көңілді ол аққала. Ғажайып сәт: Бөлмеге Аққала кіріп келеді. Тәрбиеші: Амансың ба , Аққала. Аққала: Мені осы балалар кеше ғана тұрғызып еді ,жалғыз қалдырып –қашып кетті. Енді еріп бара жатыр едім дауыстарыңды естіп келдім. Мүмкін мен бұларға керек емес шығармын? Балалар: Керексің , керексің. Тәрбиеші: Саған арнап біздің балалар Аққала әнін айтып береді. Аққала: Балалар мен сендермен ойнағым келіп тұр. Көңілім көтеріліп қалды. Тәрбиеші: Ойнаймыз ба балалар? Балалар:Ойнаймыз,ойнаймыз Ойынға біз тоймаймыз. Аққаланы құрастыру ойыны ойналады. Суретін үшке бөліп магниттік тақтаға рет-ретімен жапсыру керек. Балалар екіге бөлініп жарысады. Топтарға аттар беріледі: Қыран тобы, Балдырған тобы. Тәрбиеші: Балалар сендер ойын ойнап шаршаған боларсыңдар, боймызды бір сергітіп алайық. Қыр үстінде қар-қар Шырша үстінде қар-қар Қыр астында ақ аю Ұйықтайды екен ай-ай Тыныш-тыныш балақай Шуламаймыз біз бұлай. Аққала: Балалар мен еріп бара жатырмын, көмектесіңдерші. Балалар үрлейді,желпиді. Тәрбиеші : балалар бұл Аққалаға жеткіліксіз оданда біз оған өнерімізді көрсетейік. «Үнді» биін билеп берейік. Аққала: Бәріңе ризамын ,балалар. Қош сау болыңдар. Тәрбиеші: Балалар біз қыз мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? Немен ойнаймыз? Қыс мезгілі сендерге ұнай ма? Балалардың жауабы. Шаттық шеңбері: Бәріміз дос бауырмыз Сау болыңыз дейміз біз.